Қозғалыс сенімді қолда
Састөбе станциясының тәжірибелі станция кезекшісі Мәмбет Құлыбаевтың шеберлігі жайлы «маневрды ұйымдастыруы – шахмат ойынындай» деген сөз бар. Мақтаулы маманды жұмыс орнына іздеп келіп таныстық. Әдеттегідей пойыздарды қабылдап-жөнелтіп, маневр жұмыстарын жүргізіп отырған теміржолшы станциядағы бүкіл қозғалысты, бейнелеп айтсақ уысында ұстап отыр деуге болады.
Таблодан көз айырмай, телефон мен рациясына кезек жауап беріп, маневрлік қозғалысты бақылап отырып, керек кезде сигналды уақытылы ашып, сол мезетте әріптестеріне тапсырма беріп үлгеруде... Сырттай бақылағанға, бір адамның бекеттегі бүкіл жұмысты ұршықша үйіріп отырғаны таң қалаларлық дүние. Станция кезекшілерін «қозғалыс командирі» деп бекер айтпайтыны тағы еске түседі.
Кейде жолшылар күрделі жөндеу кезінде толаскез алып, сағаттап жолды жабуға мәжбүр болатыны бар. Сонда 4-5 сағат бойы пойыздарды бір жолмен жіберіп, жолшылардың кедергісіз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын осы – станция кезекшілері. Құрамның ұзындығы мен келетін уақытын, кестесін біліп, бірінен соң екіншісіне жолды ашып отыру керек. Арасында локомотивтің ары-бері вагондарды жылжытуын да ұйымдастырады. Сондай-ақ, Састөбедегі цемент, әк шығаратын зауытқа келетін-кететін жүктің бәрін бағыттап, жөнелтіп отырады.
– Алдымда тұрған станция кезекшісінің таблосы 1972 жылы қойылған екен. Бірақ уақыт талабына сай қазіргі басқару жүйесіне негізделіп, жаңартылып, өзгертіліп келеді. 1980 жылдары бұл жерде төрт вагон қараушы екі жақтан вагон дөңгелегін бақылап тұратын. Қазір арғы жағынан бір вагон қараушы, бергі жағына станция кезекшісі қарап шығарып салады. Бүгінде станция кезекшісінің қасындағы көмекші операторы қысқартылған соң, оның міндеті де станция кезекшісіне жүктелді. Заманға сай шығар, дегенмен теміржолдағы жүйе өзгермегендіктен, ол да жүйкеге артық салмақ түсіріп, тез шаршауыңа әсер етеді, – дейді Мәмбет Салыбекұлы.
Теміржол саласына 1976 жылы келген ол әу баста еңбек жолын жол монтері болып бастапты. 1979 жылы әскерден келген соң пойыз құрастырушының көмекшісі болып жұмысқа кіріседі. Ал, станция кезекшісі болып 1981 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қырық бір жылдық еңбек өтілі бар маман жастарға не атқарса да, алдымен түсініп алуын ескертеді. Өйткені, түсінбеген жұмыстан бір шикілік шығатынын айтады.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті