Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Өндірісте – заманауи бағдаршамдар
2 мин чтения
Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясы бойынша телімдегі барлық бағдаршамдар заманауи түріне ауысқан. Биылдан бастап станциядағы бағдаршамдар жаңартылмақ.
Өткен жыл ішінде 19 бағдаршамды монтаждау жоспарланғанымен, нақты іс жүзінде одан да көп, Черновод, Қазығұрт, Қалаш, Бадам, Қызылсай, Манкент бекеттеріндегі 26 бағдаршам монтаждалыпты. Яғни, кейде материал жеткілікті болса, артығымен жаңарады. Бұл заманауи бағдаршамдардың сенімділігі мен мен сапасына сын жоқ көрінеді.
Сондай-ақ, станциядағы бес жол бойындағы жол қорапшалары, жалғастырғыш, бағыттағыш бұрманың ішіндегі бес электр жетегі монтаждалған. Он бір бағыттағыш бұрманың электр жетегі ескі СП-3 түрінен СП-6 түріне жаңарыпты. Он екі айда Қазығұртта – 100, Түлкібаста – 270, Бадамда – 140, ұзын саны бір шақырымнан астам жер астындағы кабельдер жаңарған.
Сала мамандарынан білгеніміздей, кабель ескіріп, отырған сайын бойынан тоқ өткізе алмайды екен. Сондықтан, ШЧ-ға қарасты ЛАЗ бөлімінде кабельдердің жұмысы тұрақты бақыланып тұрады. Электр тогының жан-жаққа қашқанын көрсетсе немесе біреудің күрегі қате тиіп, қиып кетсе, кабельдің отырғаны байқалады. Мұндайда механиктер қауіп көрсетілген телім аумағындағы кабельді жылдам қалпына келтіріп келеді. Мәселен, магистральді кабельден бағдаршамға қуат беріледі. Сол жерде кабельдің ескіргенін тоқтың күші азайғанынан байқамақ. Салдарында, бағдаршамның жұмысы баяулап, жалған қызыл жанып қалуы мүмкін. Оның соңы пойыздардың апатты жағдайға ұшырауына алып келетіні ғажап емес. Арнайы кестеге сай электрмеханиктері жоспардағы монтаждау жұмысын уақытылы атқарған. Арасында жалған жанбауы, өшіп қалмауы үшін байланысшылар үнемі бағдаршам, электр жетектерінің жұмысын бақылап тұрады.