Өндірісте – заманауи бағдаршамдар

Жаңалықтар
02.02.2018, 12:35
Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясы бойынша телімдегі барлық бағдаршамдар заманауи түріне ауысқан. Биылдан бастап станциядағы бағдаршамдар жаңартылмақ. Өткен жыл ішінде 19 бағдаршамды монтаждау жоспарланғанымен, нақты іс жүзінде одан да көп, Черновод, Қазығұрт, Қалаш, Бадам, Қызылсай, Манкент бекеттеріндегі 26 бағдаршам монтаждалыпты. Яғни, кейде материал жеткілікті болса, артығымен жаңарады. Бұл заманауи бағдаршамдардың сенімділігі мен мен сапасына сын жоқ  көрінеді.  Сондай-ақ, станциядағы бес жол бойындағы жол қорапшалары, жалғастырғыш,  бағыттағыш бұрманың ішіндегі бес электр жетегі монтаждалған. Он бір бағыттағыш бұрманың электр жетегі ескі СП-3 түрінен СП-6 түріне жаңарыпты. Он екі айда Қазығұртта – 100, Түлкібаста – 270, Бадамда – 140,  ұзын саны бір шақырымнан астам жер астындағы кабельдер жаңарған. Сала мамандарынан білгеніміздей, кабель ескіріп, отырған сайын бойынан тоқ өткізе алмайды  екен. Сондықтан, ШЧ-ға қарасты ЛАЗ бөлімінде кабельдердің жұмысы тұрақты бақыланып тұрады. Электр тогының жан-жаққа қашқанын көрсетсе немесе біреудің күрегі қате тиіп, қиып кетсе, кабельдің отырғаны байқалады. Мұндайда  механиктер қауіп көрсетілген телім аумағындағы кабельді жылдам қалпына келтіріп келеді. Мәселен, магистральді кабельден бағдаршамға қуат беріледі. Сол жерде кабельдің ескіргенін тоқтың күші азайғанынан байқамақ. Салдарында, бағдаршамның жұмысы баяулап, жалған қызыл жанып қалуы мүмкін. Оның соңы пойыздардың апатты жағдайға ұшырауына алып келетіні ғажап емес.  Арнайы кестеге сай электрмеханиктері жоспардағы монтаждау жұмысын уақытылы атқарған. Арасында жалған жанбауы, өшіп қалмауы үшін байланысшылар үнемі бағдаршам, электр жетектерінің жұмысын бақылап тұрады.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл