Қауіпсіздікке баға беру тәсілі
Новости
02.02.2018, 12:39
Ұлттық компанияда қозғалыс қауіпсіздігі жағдайын жақсарта түсу үшін жүзеге асырылатын шаралар күшейтіле түсті. Солардың бірі – пойыздар қозғалысы қауіпсіздік жағдайына баға берудің әдістемелік нұсқамасының жасалуы.
Осы және өзге де шаралар туралы биыл компанияның былтырғы жұмыстарға жылдық есеп беру жиынында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев айтқан болатын. Сонымен қатар, компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес компаниялары және «Patentes Talgo S.L.» компаниясы филиалдары арасындағы өзара іс-қимыл регламенті енгізілуі де сол қауіпсіздік талаптарына сай жасалды.
–Бұған қоса жүк вагондарын магистральдық темір жол желісіне жіберу ережелері қайта жасалды. «Өндірістік қауіпсіздік» ақпараттық жүйесі сынақтық пайдалану үшін қабылданды, – деді Б. Котырев.
Былтыр компанияда өндірістік жарақат алушылықтан 31 факт тіркелді, бұл 2016 жылға қарағанда 4 дерекке көп. Шаруашылықтар бойынша жарақат алу фактілері былай бөлінді: магистральдық желі дирекциясы бойынша 13 жағдай, жол шаруашылығынан 10 жағдай, электрмен жабдықтау бойынша 3 дерек, жүк тасымалында 11 факті, жолаушылар тасымалы тарапынан 1 жағдай, әскерилендірілген күзет қызметінде 1 жарақат алу жағдайы, Транстелекомда 3 жағдай, «Востокмашзавод» АҚ және шаруашылық басқару жөнінен бір-бірден факті тіркелді.
Талдау қорытындысы бойынша, орын алған қайғылы жағдайлардың туындауына ықпал еткен себептерді үш топқа бөліп қарастыруға болады: ұйымдастырушылық, техникалық және сыртқы орта әсерінен болатын себептер. Адам өлімі мен мүгедектікке әкелетін қайғылы жағдай келесідей ретпен талданады: ұйымдастырушылық себеп тобында 12 жағдай тіркелді, соның ішінде бесеуі – еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерінің бұзылуынан болса, тағы бесеуі – жұмыстың жеткілікті деңгейде дұрыс ұйымдастырылмауынан, қалған екеуі зардап шегушілердің жеке өздерінің абайсыздығынан болған. Ал техникалық себептер тобына 1 жағдай ғана кіргізілді, мұнда жарамсыз құрылғыны пайдалану салдарынан болған. Сонымен қатар сыртқы орта әсерінен болған 1 жағдай – жол-көлік оқиғалары еншісіне тиесілі болып отыр. Жоғарыда аталған талдау себептері болған оқиғалардың жартысы негізінен қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, зардап шегушілердің абайсыздығынан болып, болған оқиғалар үшін жұмыс беруші тараппен тең дәрежеде айыпты болған, яғни, кінәліліктің орташа деңгейі бойынша жұмыс беруші 58 пайыз, зардап шегуші 42 пайыз оқиғаға қатысы болған.
Ұлан ОРАЗ
Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы