Қауіпсіздікке баға беру тәсілі

Жаңалықтар
02.02.2018, 12:39
Ұлттық компанияда қозғалыс қауіпсіздігі жағдайын жақсарта түсу үшін жүзеге асырылатын шаралар күшейтіле түсті. Солардың бірі – пойыздар қозғалысы қауіпсіздік жағдайына баға берудің әдістемелік нұсқамасының жасалуы. Осы және өзге де шаралар туралы биыл компанияның былтырғы жұмыстарға жылдық есеп беру жиынында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев айтқан болатын. Сонымен қатар, компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес компаниялары және «Patentes Talgo S.L.» компаниясы филиалдары арасындағы өзара іс-қимыл регламенті енгізілуі де сол қауіпсіздік талаптарына сай жасалды. –Бұған қоса жүк вагондарын магистральдық темір жол желісіне жіберу ережелері қайта жасалды. «Өндірістік қауіпсіздік» ақпараттық жүйесі сынақтық пайдалану үшін қабылданды, – деді Б. Котырев. Былтыр компанияда өндірістік жарақат алушылықтан 31 факт тіркелді, бұл 2016 жылға қарағанда 4 дерекке көп. Шаруашылықтар бойынша жарақат алу фактілері былай бөлінді: магистральдық желі дирекциясы бойынша 13 жағдай, жол шаруашылығынан 10 жағдай, электрмен жабдықтау бойынша 3 дерек, жүк тасымалында 11 факті, жолаушылар тасымалы тарапынан 1 жағдай, әскерилендірілген күзет қызметінде 1 жарақат алу жағдайы, Транстелекомда 3 жағдай, «Востокмашзавод» АҚ және шаруашылық басқару жөнінен бір-бірден факті тіркелді. Талдау қорытындысы бойынша, орын алған қайғылы жағдайлардың туындауына ықпал еткен себептерді үш топқа бөліп қарастыруға болады: ұйымдастырушылық, техникалық және сыртқы орта әсерінен болатын себептер.  Адам өлімі мен мүгедектікке әкелетін қайғылы жағдай келесідей ретпен талданады: ұйымдастырушылық себеп тобында 12 жағдай тіркелді, соның ішінде бесеуі – еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелерінің бұзылуынан болса, тағы бесеуі – жұмыстың жеткілікті деңгейде дұрыс ұйымдастырылмауынан, қалған екеуі зардап шегушілердің жеке өздерінің абайсыздығынан болған. Ал техникалық себептер тобына 1 жағдай ғана кіргізілді, мұнда жарамсыз құрылғыны пайдалану салдарынан болған. Сонымен қатар сыртқы орта әсерінен болған 1 жағдай – жол-көлік оқиғалары еншісіне тиесілі болып отыр. Жоғарыда аталған талдау себептері болған оқиғалардың жартысы негізінен қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, зардап шегушілердің абайсыздығынан болып, болған оқиғалар үшін жұмыс беруші тараппен тең дәрежеде айыпты болған, яғни, кінәліліктің орташа деңгейі бойынша жұмыс беруші 58 пайыз, зардап шегуші 42 пайыз оқиғаға қатысы болған.

                  Ұлан ОРАЗ

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл