Жаңа вокзал қайдан салынбақ?

Новости
02.02.2018, 12:57
Маңғыстауда жергілікті билік жаңа теміржол вокзалын қайдан салу керектігін ойластыруда. Бұл істе олар «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесе отырып, бір шешімге келмек. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов қалалық әкімдікке өзге де құзыретті органдармен бірге темір жол вокзалы құрылысын жүргізетін орынды анықтауды тапсырған көрінеді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің халықпен кездесу жиынында сөз болған. Облыс әкімінің айтуынша, жаңа вокзалды Ақтау өндірістік аймағынан салу керек, яғни темір жол вокзалы қарқынды дамып келе жатқан Ақтау шаһарының маңызды нысанына айналуы қажет деп санайды.  «Вокзалдың қалаға жақын болғаны керек. Теміржолшылардың барлық талаптарын ескере келе, осы ғимаратты қай телімнен салатынымызды тез арада анықтаңыздар», – деген әкім тапсырмасына орай  Маңғыстау темір жолы өздерінің атынан үш телімді ұсынып отырғандарын мәлімдеді. Дегенмен олар соңғы шешімді жергілікті биліктің өзі қабылдайтынын да айтты. Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Рустам Тухтиев осыған орай:  «Біз ұсынған үш телім мыналар: біріншісі, бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқан Тамақ бекеті, бұл облыс орталығынан 21 шақырым жерде жатыр, оны қалалықтар алыс көруде. Болмаса қаладан қашықтығы 15 шақырым болатын «Р» бекетінен салуды айттық. Үшіншісі, 15,3 шақырымдағы қазіргі ескі Маңғыстау станциясын сүріп тастап, орнына жаңасын салу. Бірақ біздің жаңа вокзал салудағы ойымыз, жолаушылар пойыздарын жүк пойыздарынан бөліп әкету еді. Яғни, ескі вокзал тек жүк пойыздарына қызмет етіп, жаңа вокзал жолаушыларға арналмақ»,– деді. Аталған телімдер теміржол бойында орналасқан ең бір қолайлы орындар. Дегенмен соңғы сөзді билік өзі шешпек. Өйткені, жер өздерінікі. Ал вокзал қашан және қандай қаражатқа салынады? Оны да алдағы уақыт көрсетеді.

Райхан РАХМЕТОВА

Новости
28.08.2026
Арысское эксплуатационное вагонное депо: более 120 лет на службе железной дороги
Новости
28.08.2026
Четыре ветхих поста электрической централизации заменены в 2026 году
Новости
28.08.2026
Делегация Молодежных консультативных советов Центральной Азии посетила порт Курык
Регионы
28.08.2026
От первых электростанций до современных технологий — история Акадырской дистанции электроснабжения
Новости
28.08.2026
Казахстан выходит на новый этап цифровизации транспортной отрасли
Регионы
28.08.2026
Профком ГПФ Павлодар поздравил 166 будущих первоклассников из семей железнодорожников
Новости
28.08.2026
Машинист поезда предотвратил столкновение с автомобилем на перегоне Кокшетау – Джамантуз
Новости / Архив
28.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №68 от 28 августа 2026 года
Новости
27.08.2026
КТЖ Express и Комиссия по торговле Чунцина обсудили развитие транспортно-логистического сотрудничества
Регионы
27.08.2026
Новый вокзал открылся на месте демонтированного на станции Дегелен
Новости
27.08.2026
Семисотый юбилейный локомотив выпустили в Астане
Регионы
27.08.2026
Павлодарские железнодорожники участвуют в экологических акциях и мероприятиях по охране труда
КТЖ в лицах
27.08.2026
Династия Абылкасимовых: 23 человека, 4 поколения и 550 лет общего стажа
Пассажирские перевозки
27.08.2026
«Женский вагон» впервые появится в поезде Алматы – Ташкент
Грузовые перевозки
26.08.2026
Более 8 млн тонн зерна перевезено по сети КТЖ
Новости
26.08.2026
Обучение вайб-кодингу пройдет административно-управленческий персонал ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки»
Регионы
26.08.2026
Учения по ликвидации утечки опасного груза прошли на станции Есиль
Новости
25.08.2026
Железнодорожница из Курорт-Борового отметила 100-летний юбилей
Грузовые перевозки
25.08.2026
Более 19,5 млн тонн угля перевезло КТЖ к новому отопительному сезону
Новости
25.08.2026
Более 450 раз машинисты прибегали к экстренным торможениям из-за выхода на пути животных