Жаңа вокзал қайдан салынбақ?
Жаңалықтар
02.02.2018, 12:57
Маңғыстауда жергілікті билік жаңа теміржол вокзалын қайдан салу керектігін ойластыруда. Бұл істе олар «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесе отырып, бір шешімге келмек.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов қалалық әкімдікке өзге де құзыретті органдармен бірге темір жол вокзалы құрылысын жүргізетін орынды анықтауды тапсырған көрінеді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің халықпен кездесу жиынында сөз болған. Облыс әкімінің айтуынша, жаңа вокзалды Ақтау өндірістік аймағынан салу керек, яғни темір жол вокзалы қарқынды дамып келе жатқан Ақтау шаһарының маңызды нысанына айналуы қажет деп санайды. «Вокзалдың қалаға жақын болғаны керек. Теміржолшылардың барлық талаптарын ескере келе, осы ғимаратты қай телімнен салатынымызды тез арада анықтаңыздар», – деген әкім тапсырмасына орай Маңғыстау темір жолы өздерінің атынан үш телімді ұсынып отырғандарын мәлімдеді. Дегенмен олар соңғы шешімді жергілікті биліктің өзі қабылдайтынын да айтты.
Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Рустам Тухтиев осыған орай: «Біз ұсынған үш телім мыналар: біріншісі, бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқан Тамақ бекеті, бұл облыс орталығынан 21 шақырым жерде жатыр, оны қалалықтар алыс көруде. Болмаса қаладан қашықтығы 15 шақырым болатын «Р» бекетінен салуды айттық. Үшіншісі, 15,3 шақырымдағы қазіргі ескі Маңғыстау станциясын сүріп тастап, орнына жаңасын салу. Бірақ біздің жаңа вокзал салудағы ойымыз, жолаушылар пойыздарын жүк пойыздарынан бөліп әкету еді. Яғни, ескі вокзал тек жүк пойыздарына қызмет етіп, жаңа вокзал жолаушыларға арналмақ»,– деді.
Аталған телімдер теміржол бойында орналасқан ең бір қолайлы орындар. Дегенмен соңғы сөзді билік өзі шешпек. Өйткені, жер өздерінікі. Ал вокзал қашан және қандай қаражатқа салынады? Оны да алдағы уақыт көрсетеді.
Райхан РАХМЕТОВА
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды