Салалық зейнет жасы қаралса...
Новости
09.02.2018, 11:53
Пойыз құрастырушы, вагон жылдамдығын реттеуші сынды қауіпті жерлерде еңбек ететін теміржолшылар салалық зейнетке ертерек шығуды қалайды.
Шымкент станциясының еңбек қорғау инженері Гүлжайна Талғатқызы біраз жыл бұрын пойыз құрастырушы, вагон жылдамдығын реттеуші, станция кезекшілерін ертерек зейнет жасына шығару жайлы жобаны оқығанын айтады. Онда салалық зейнетке әйелдерді 53, ерлерді 55 жастаншығару жайлы мәселе көтеріліпті. Әйел 58, ер кісілер 63-ке дейін осы ұлттық компания тарапынан зейнетақы алып тұрады. Бүгінде станциялықтардың «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ басшылығы осы жобаны қайта қараса деген өтініштері бар. Себебі, 63 жасқа дейін пойыз құрастырушының вагонға секіріп мініп-түсуі ауыр. Қазір елуге келген пойыз құрастырушының өзі шапшаң жүре алмайды. Шымкент станциясында ауыр жұмыста істейтін жасы 55-тен асқан теміржолшылар көп.
–Вагондар жылдамдығын реттейтін бір башмақтың өзі 7 келі. Әрқайсысы 7 кг болғанда 10 башмақ 70 кг тартады. Қазір есеп бойынша 60 вагондық бір құрамға 14 башмақтан жоғары бекітеді. Құрам жылжитын кезде қайтадан жинап алып кетеді. Башмақты ары-бері жылжытатын ашасын тағы көтеріп жүреді. Жұмыстары өте ауыр. Зияндылық үшін 12 пайыз жалақыға қосып төлейтіні бар, бірақ ол аз қаржы не болады? Маман тек башмақты көтеріп қоймай, күні бойы қанша шақырым жүреді. Зейнетке шығарудың әзірге мүмкіндігі болмаса, жеңіл жұмыстарға ауыстырылса екен. Біздегі пойыз құрастырушының ең үлкені 40 жаста. Вагон жылдамдығын реттеушілердің алды 57-де. Қыстың суығында, жаздың ыстығы мен күзде жел өтінде, көктемнің жаңбырында жүріп осындай жұмыс атқаратын маманның еңбегін елеп, денсаулығынан айырылмай тұрғанда, салалық зейнет жасына жіберіп, орнына жас мамандары қабылдаса дейміз. Жеңіл жұмыста істеп жүрген елудегі кісі мен теміржолдың өндірісінде еңбек ететін ер кісілерді салыстырсаңыз, айырмашалық бірден байқалады. Олардың денсаулығы ерте сыр береді. Бізде 1959 жылғы Әбдіқадыров деген әріптесіміз зейнетке шығарда 6-7 жыл қалғанда аяғы қатты ауырып, медициналық тексеруден өте алмады. Вагондар жылдамдығын реттеуші еді. Жұмыс тәртібіне сай жүре алмайтын болған соң, жеңіл жұмысқа өтініш берген. Теміржолда жеңіл жұмыс жоқ қой. Сол кісі қанша жыл ауыр жұмыс істесе де, зейнетке шыға алмай кетті, – дейді еңбек қорғау инженері.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
КТЖ в лицах
03.08.2026
Верность профессии и воля к победе: железнодорожник из Караганды Зангар Кенжебеков
КТЖ в лицах
03.08.2026
От охранника до начальника стрелковой команды: трудовой путь Каршиги Садубаева
КТЖ в лицах
03.08.2026
По стопам матери: четыре десятилетия Ирины Сухаревой на железной дороге
Новости
03.08.2026
Замглавы КТЖ проинспектировал реконструкцию вокзалов в Актюбинской области
КТЖ в лицах
03.08.2026
Между станциями и судьбами: проводник Жанабай Даулетбеков
КТЖ в лицах
03.08.2026
Дорога, ставшая судьбой: история маневрового диспетчера Талгата Хисметова
Новости
02.08.2026
«Руки Вверх!», «Ирина Кайратовна» и 100 тысяч зрителей: День железнодорожника отметили в Экибастузе
Регионы
01.08.2026
После реконструкции открылся вокзал станции Орал
Инфраструктура
01.08.2026
Завершен второй этап модернизации железнодорожного участка Кандыагаш-Тобол
Регионы
01.08.2026
Пять железнодорожных вокзалов обновлены в Акмолинской области
Регионы
01.08.2026
Реконструкция вокзалов Алтай и Кумистау завершена в ВКО
Регионы
31.07.2026
Вокзал Боранды открылся после реконструкции
Регионы
31.07.2026
Модернизация двух объектов пассажирской инфраструктуры завершена в области Жетису
Регионы
31.07.2026
Вокзалы станций Каражал, Жанаарка и Кызылжар открылись после реконструкции в области Улытау
Регионы
31.07.2026
Еще два железнодорожных вокзала реконструированы в Павлодарской области
Новости
31.07.2026
Передовиков производства наградили к профессиональному празднику в КТЖ
Регионы
31.07.2026
Ж/д вокзалы Шалкар и Шубаркудык открылись после реконструкции
Новости
31.07.2026
День работников железнодорожной отрасли отметили в Минтрансе
Регионы
31.07.2026
Костанайский совет ветеранов-железнодорожников отметил 35-летие
Регионы
31.07.2026
Железнодорожников наградили в преддверии профессионального праздника в Кокшетау