Салалық зейнет жасы қаралса...

Жаңалықтар
09.02.2018, 11:53
Пойыз құрастырушы, вагон жылдамдығын реттеуші сынды қауіпті жерлерде еңбек ететін теміржолшылар салалық зейнетке ертерек шығуды қалайды. Шымкент станциясының еңбек қорғау инженері Гүлжайна Талғатқызы біраз жыл бұрын пойыз құрастырушы, вагон жылдамдығын реттеуші, станция кезекшілерін ертерек зейнет жасына шығару жайлы жобаны оқығанын айтады. Онда салалық зейнетке әйелдерді 53, ерлерді 55 жастаншығару жайлы мәселе көтеріліпті. Әйел 58, ер кісілер 63-ке дейін осы ұлттық компания тарапынан зейнетақы алып тұрады. Бүгінде станциялықтардың  «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ басшылығы осы жобаны қайта қараса деген өтініштері бар. Себебі, 63 жасқа дейін пойыз құрастырушының вагонға секіріп мініп-түсуі ауыр. Қазір елуге келген пойыз құрастырушының өзі шапшаң жүре алмайды. Шымкент станциясында ауыр жұмыста істейтін жасы 55-тен асқан теміржолшылар   көп. –Вагондар жылдамдығын реттейтін бір башмақтың өзі 7 келі. Әрқайсысы 7 кг болғанда 10 башмақ 70 кг тартады. Қазір есеп бойынша 60 вагондық бір құрамға 14 башмақтан  жоғары бекітеді. Құрам жылжитын кезде қайтадан жинап алып кетеді. Башмақты ары-бері жылжытатын ашасын тағы көтеріп жүреді. Жұмыстары өте ауыр. Зияндылық үшін 12 пайыз жалақыға қосып төлейтіні бар, бірақ ол аз қаржы не болады? Маман тек башмақты көтеріп қоймай, күні бойы қанша шақырым жүреді. Зейнетке шығарудың әзірге мүмкіндігі болмаса,  жеңіл жұмыстарға ауыстырылса екен. Біздегі пойыз құрастырушының ең үлкені 40 жаста. Вагон жылдамдығын реттеушілердің алды 57-де. Қыстың суығында, жаздың ыстығы мен күзде жел өтінде, көктемнің жаңбырында жүріп осындай жұмыс атқаратын  маманның еңбегін елеп, денсаулығынан айырылмай тұрғанда, салалық  зейнет жасына жіберіп, орнына жас мамандары қабылдаса дейміз. Жеңіл жұмыста істеп жүрген елудегі кісі мен теміржолдың өндірісінде еңбек ететін ер кісілерді салыстырсаңыз, айырмашалық бірден байқалады. Олардың денсаулығы ерте сыр береді. Бізде 1959 жылғы Әбдіқадыров деген әріптесіміз зейнетке шығарда 6-7 жыл қалғанда аяғы қатты ауырып,  медициналық тексеруден өте алмады.  Вагондар жылдамдығын реттеуші еді. Жұмыс тәртібіне сай жүре алмайтын болған соң, жеңіл жұмысқа өтініш берген. Теміржолда жеңіл жұмыс жоқ қой. Сол кісі қанша жыл ауыр жұмыс істесе де, зейнетке шыға алмай кетті, – дейді еңбек қорғау инженері.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты