Көмір жеткізу кестеге сай

Новости
16.02.2018, 18:28
 Жуырда ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің Семейге келген сапарында Қаражыра көмір кен орнында көшпелі кеңес болды. Оған облыс басшылығымен қатар «Қаражыра» АҚ жетекшілері, «Балапан көлігі» ЖШС мен қатты отын тасымалымен айналысатын басқа да компания өкілдері қатысты.  Кездесу барысында сөз болған ең өзекті мәселе – көмір тасымалы, энергетикалық объектілерге отын жеткізу, т.т. болды. Бүгінде елімізде 10 ірі көмір қазатын кәсіпорын жұмыс атқарады. Соның бірі «Қаражыра» АҚ кен орнының қоры 1 миллиард тонна көмірді құрайды, ол өз кезегінде бүкіл республиканы үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. «Қаражыра» АҚ 23 жыл ішінде 100 млн тоннадан аса отын өндірген, карьер разрезінде өндіріс көрсеткіштері жыл сайын артуда. Сәйкесінше, көмір тасымалы да жыл санап артып отыр. Басты әріптес «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып отыр. Мәселен, алдыңғы жылы 5,9 млн тонна өндіріліп, тасымалданса, өткен 2017 жылы бұл көрсеткіш 6,8 млн тоннаға жетті. Оның басым бөлігі Семей ЖТ бөлімшесіне тән. Осының арқасында ҚР электр станциялары, қазандықтар және коммуналдық-тұрмыстық объектілерге көмірді тиеп жөнелтуде кедергілер болған жоқ.  Осылайша, өткен жылы жылу көздеріне 2 млн 600 мың тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға – 800 мың тонна, коммуналдық-тұрмыстық секторға 2 млн 600мың тонна көмір жеткізілген. ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсылықов атап өткендей, разрездегі көмір өндірісі жемісті жүргізіліп жатыр. Жергілікті Қаражыра көмір кенішімен басты әріптес «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен арадағы келісім аясында қысқы отын тасымалы жыл санап артып келеді. Бір мысал, өткен жылы  көмір тиеу 1 233,3 мың тоннаға жеткен. Бұл көрсеткіш – соңғы жылдары орын алмаған жайт. Тасымал көлемінің бұлайша ұлғаюына бір есептен тапсырыс берушілер қатарының артуы да себеп. Сондай-ақ, байырғы клиенттер Защита мен Жаңа-Өскемен, «РК-1» сынды бірқатар алпауыт жылу электр орталықтарының сұранысы да еселеп артқан. Қазіргі күні ел шығысындағы жылу электр станцияларына қатты отынды Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары уақытында жеткізіп отыр.

Қуаныш Қожаев,

Семей

Новости
29.08.2026
КТЖ и Huawei усиливают цифровизацию железных дорог Казахстана
Новости
28.08.2026
Арысское эксплуатационное вагонное депо: более 120 лет на службе железной дороги
Новости
28.08.2026
Четыре ветхих поста электрической централизации заменены в 2026 году
Новости
28.08.2026
Делегация Молодежных консультативных советов Центральной Азии посетила порт Курык
Регионы
28.08.2026
От первых электростанций до современных технологий — история Акадырской дистанции электроснабжения
Новости
28.08.2026
Казахстан выходит на новый этап цифровизации транспортной отрасли
Регионы
28.08.2026
Профком ГПФ Павлодар поздравил 166 будущих первоклассников из семей железнодорожников
Новости
28.08.2026
Машинист поезда предотвратил столкновение с автомобилем на перегоне Кокшетау – Джамантуз
Новости / Архив
28.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №68 от 28 августа 2026 года
Новости
27.08.2026
КТЖ Express и Комиссия по торговле Чунцина обсудили развитие транспортно-логистического сотрудничества
Регионы
27.08.2026
Новый вокзал открылся на месте демонтированного на станции Дегелен
Новости
27.08.2026
Семисотый юбилейный локомотив выпустили в Астане
Регионы
27.08.2026
Павлодарские железнодорожники участвуют в экологических акциях и мероприятиях по охране труда
КТЖ в лицах
27.08.2026
Династия Абылкасимовых: 23 человека, 4 поколения и 550 лет общего стажа
Пассажирские перевозки
27.08.2026
«Женский вагон» впервые появится в поезде Алматы – Ташкент
Грузовые перевозки
26.08.2026
Более 8 млн тонн зерна перевезено по сети КТЖ
Новости
26.08.2026
Обучение вайб-кодингу пройдет административно-управленческий персонал ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки»
Регионы
26.08.2026
Учения по ликвидации утечки опасного груза прошли на станции Есиль
Новости
25.08.2026
Железнодорожница из Курорт-Борового отметила 100-летний юбилей
Грузовые перевозки
25.08.2026
Более 19,5 млн тонн угля перевезло КТЖ к новому отопительному сезону