Өзен мен Болашақ
Новости
20.02.2018, 12:09
Түбек темір жолының салмағын басып тұрған қос станция Өзен мен Болашақ. Екі станция да өткен жылды табысты аяқтады. Жаңа жылдағы аяқалыстары да жаман емес. Өзен станциясында алғашқы айда жүк айналымы өткен жылғы қаңтардағыдан 12 пайызға өссе, Болашақта 27 пойызға көбейіп отыр.
Тасымал осы қарқынмен өсе берсе, Елбасы Жолдауында айтылғандай, транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты жоғарылату жөнінде 2020 жылға дейін қойылған межені бағындыруға, көлік-логистика саласын дамытуға аталған станциялардың да үлестері бүгінгіден де арта түспек.
– Өзенде 2016 жылы жүк айналымы 124472 тонна, вагон саны 2713 болса, былтыр 155866 тонна, 3007 вагон болды. Жүк айналымынан 110,8 пайызға, тонна бойынша 125,2 пайызға артты. Станциядан 2016 жылы 346, 2017 жылы 387 транзиттік пойыз Болашаққа жөнелтілді. Жіберілген жүктердің негізін пропан, пропан-гексан фракциясы құрады, – дейді Өзен станциясының бастығы Самат Сариев.
Болашақ станциясында былтырғы жүк айналымы 2016 жылғыдан 135088 тоннаға өскен (792750 тонна). Соның ішінде 255 пойыз, 11933 вагон, 638011 тонна жүк тапсырылса, Түрікменстаннан – 220 пойыз, 9051 вагон 154739 тонна жүк қабылданған. Түркіменстан арқылы бізден өткен жүктердің денін ыдыс-аяқ, кептірілген, цитрусты жемістер, құрма, шай, картоп, май өнімдері, керосин, т.т. құраса, Қазақстан арқылы астық, ұн, кондитерлік өнімдер, түрлі техникалар және жеңіл көліктер, қара металл, пиломатериалдар, басқа да өнімдер өткен.
– Болашақ станциясынан шетел асып жатқан отандық өнімдердің басым бөлігі – астық, ұн, бұршақ өнімдері. Олар Түркіменстан, Ауғанстан, Иран елдеріне экспортталуда. Сондай-ақ түрікмен елінің үстімен Қытайға кокс шығарылып, Қазақстанға шыны бұйымдар, картоп, май, керосин, т.б. тасымалдануда. Жалпы станциядағы бүгінгі жұмыс та, халықтың тыныс-тіршілігі де жақсы. Аптасына бес күн "Өзен-Болашақ" бағытында қаламаңдық жолаушылар пойызы қатынауда. Отбасылы теміржолшылар тұрғын үймен қамтылған. Баспаналарында газ, су, жарық – барлығы бар. Халық саны 700-ге жуық өсіп отыр. Қазір ауылда 85 үй, 170 пәтер бар. Әкімшілік тарапынан мемлекеттік қызметкерлерге арнап тағы 5 үй, 10 пәтер салынды. Осы жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде, - дейді Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.
Қос станцияның жетістігі тек өндіріспен шектелмейді. Жаңа заман талабына сай техникалық құрылғылармен қамтылған Болашақ станциясы былтыр Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі ұйымдастырған «Үздік техникалық кабинет» байқауында I орын алса, Өзен станциясының екі жас маманы бөлімшеде өткен "Үздік жас мамандар" байқауында топ жарды. Бүгінде Болашақ станциясында – 236, Өзенде 172 теміржолшы еңбек етеді.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы