Өзен мен Болашақ

Жаңалықтар
20.02.2018, 12:09
  Түбек темір жолының салмағын басып тұрған қос станция Өзен мен Болашақ. Екі станция да өткен жылды табысты аяқтады. Жаңа жылдағы аяқалыстары да жаман емес. Өзен станциясында алғашқы айда жүк айналымы өткен жылғы қаңтардағыдан 12 пайызға өссе, Болашақта 27 пойызға көбейіп отыр.       Тасымал осы қарқынмен өсе берсе, Елбасы Жолдауында айтылғандай, транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты жоғарылату жөнінде 2020 жылға дейін қойылған межені бағындыруға, көлік-логистика саласын дамытуға аталған станциялардың да үлестері бүгінгіден де арта түспек.       – Өзенде 2016 жылы жүк айналымы 124472 тонна, вагон саны 2713 болса, былтыр 155866 тонна, 3007 вагон болды. Жүк айналымынан 110,8 пайызға, тонна бойынша 125,2 пайызға артты. Станциядан 2016 жылы 346, 2017 жылы 387 транзиттік пойыз Болашаққа жөнелтілді. Жіберілген жүктердің негізін пропан, пропан-гексан фракциясы құрады, – дейді Өзен станциясының бастығы Самат Сариев.       Болашақ станциясында былтырғы жүк айналымы 2016 жылғыдан 135088 тоннаға өскен (792750 тонна). Соның ішінде 255 пойыз, 11933 вагон, 638011 тонна жүк тапсырылса, Түрікменстаннан – 220 пойыз, 9051 вагон 154739 тонна жүк қабылданған. Түркіменстан арқылы бізден өткен жүктердің денін  ыдыс-аяқ, кептірілген, цитрусты жемістер, құрма, шай, картоп, май өнімдері,  керосин, т.т. құраса,  Қазақстан арқылы астық, ұн, кондитерлік өнімдер, түрлі техникалар және жеңіл көліктер, қара металл, пиломатериалдар, басқа да өнімдер өткен.       – Болашақ станциясынан шетел асып жатқан отандық өнімдердің басым бөлігі – астық, ұн, бұршақ өнімдері. Олар Түркіменстан, Ауғанстан, Иран елдеріне экспортталуда. Сондай-ақ түрікмен елінің үстімен Қытайға кокс шығарылып, Қазақстанға шыны бұйымдар, картоп, май, керосин, т.б. тасымалдануда. Жалпы станциядағы бүгінгі жұмыс та, халықтың тыныс-тіршілігі де жақсы. Аптасына бес күн "Өзен-Болашақ" бағытында қаламаңдық жолаушылар пойызы қатынауда. Отбасылы теміржолшылар тұрғын үймен қамтылған. Баспаналарында газ, су, жарық – барлығы бар. Халық саны 700-ге жуық өсіп отыр. Қазір ауылда 85 үй, 170 пәтер бар. Әкімшілік тарапынан мемлекеттік қызметкерлерге арнап тағы 5 үй, 10 пәтер салынды. Осы жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде, - дейді Болашақ станциясының бастығы  Мақсат Нұрбеков.        Қос станцияның жетістігі тек өндіріспен шектелмейді. Жаңа заман талабына сай техникалық құрылғылармен  қамтылған Болашақ станциясы былтыр Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі ұйымдастырған «Үздік техникалық кабинет» байқауында  I орын алса, Өзен станциясының екі жас маманы бөлімшеде өткен "Үздік жас мамандар" байқауында топ жарды. Бүгінде Болашақ станциясында – 236, Өзенде 172 теміржолшы еңбек етеді.   

Шахида Жұман,

Маңғыстау

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл