Байланыс белгілері талапқа сай
Новости
20.02.2018, 12:14
Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясындағы техникалық құжаттама бөлімі байланыс белгілерінің сызбалық нұсқасын ұдайы жаңартып тұрады. Оған негізгі магистральдан бөлек, әр айналым жолы мен бекеттердегі сызбалық нұсқалар да кіреді.
Сызбаны жаңарту техникалық шешімге және келген телеграммаға сай реттелмек. Кейінгі кезде перегондағы бағдаршамдардың дені жарықдиодты заманауи түріне ауысты.Техникалық құжаттама бөлімінің бастығы Бекжан Билібаевтың айтуынша,бұл механиктердің жұмысын біршама жеңілдеткен. Ескі жүйеде бағдаршамдар алыстан анық көрінбесе керек. Қанша рет тоқ жүйесін реттеп, уақытылы баптаса да машинистер тарапынан осыған наразылық туатын. Қазіргісінің жарығы тұман басып, қар жауса, 1000 метрдей тегіс жолда анық көрінетіндіктен, ешқандай шағым жоқ. Рельс тізбектерінің қорғаныс құралдары да заманауи түріне көшкен.
– Жолдағыдан бөлек, электровоздың ішінде қосымша бағдаршам болады.Оны біздің релелер қуаттандырады. Бүгінде байланыс саласындағы қажетті техникалық құрылғылар тұтастай болмаса да, ішінара соңғы түріне алмастырылуда. Біз жұмыстың жеңілдегенінен бұрын қауіпсіздіктің сақталатынына қуанамыз. Өйткені, жұмыс ауыр немесе жеңіл болсын, ескінің аты ескі. Апат орын алмаса деп алаңдап отырасың. Бағдаршамдағы үш түсті реттеп тұратын, әрқайсысының өз кодтары қойылған КПТШ сызбасы да жаңаланды. Шымкент – Түлкібас аралығындағы басты жолдардың бәріне бұрынғыСП-6 электр жетегінің орнына қойылған Альстом қызмет көрсетеді. Альстомға ауыстыру үшін Р65 типті рельстер, темір-бетонды шпалдар болуы керек. Біздің телім түгелге дерлік темір бетонға көшкен. Ленгер бағытына кететін Қазығұрт станциясында 50 пайыз Альстомға көшіп, жолдар темір бетонға айналды. Италиялықтар шығарған бұл электр жетегін бір құрған соң, оның үздіксіз жұмыс істеуі 20 жылға жетеді делінген. Ал пайдасына келсек, механиктер тек жауын-шашынды күндері, қар жауғанда тазалап, тексереді. Моторын ауыстырмайды. Бұрынғы СП-6 жетегінің моторын әр 3-5 жылда ауыстыратын. Жинап алып, моторды реттеген соң қайтадан апарып орналастыратын. Альстомның моторы жетектің ішіне кіріктірілгендіктен алынбайды. Дегенмен, Альстом мүлдем бұзылмас үшін жолдағы талаптардың бәрі соған сай болғаны дұрыс. Мәселен, шпалдар темір-бетонды, бұрмалары да заманауи дегендей. Әр айналым жолының арнайы кітапшасы бар. Біздің бөлімдегі қыздар келген телеграммалық өзгерістерді бұрынғы сызбаға енгізеді. Алдымен монтажын жасайды. Жігіттер күрделі жұмыстарды үнемі телім бойында жүріп ретке келтіреді, - дейді техникалық құжаттама бөлімінің бастығы.
Өткен жылы Манкент – Түлкібас, Көктерек –Түлкібас, Меңлібай – Көктерек перегонында түрлі-түсті бағдаршамдардың сызбалары қайта жасалыпты. Бұл жұмыс жыл соңына дейін өзге перегондарда қайталанған. Арнайы тапсырма келіп, материалдық жағынан қамтамасыз етпесе де, сызбаларды дистанциялықтар өз күштерімен жаңалап тұрады екен. Аппараттың бәрі автоматты түрде осы сызбалардың арқасында ашылып-жабылып, жұмыс істеп тұр. Қауіпсіздік үшін алаңдайтын байланысшылар мүмкіндігінше ескіні жаңалап, жаңаны күтіп ұстауға бейім.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы