Байланыс белгілері талапқа сай

Жаңалықтар
20.02.2018, 12:14
Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясындағы техникалық құжаттама бөлімі байланыс белгілерінің сызбалық нұсқасын ұдайы жаңартып тұрады. Оған негізгі магистральдан бөлек, әр айналым жолы мен бекеттердегі сызбалық нұсқалар да кіреді. Сызбаны жаңарту техникалық шешімге және келген телеграммаға сай реттелмек. Кейінгі кезде перегондағы бағдаршамдардың дені жарықдиодты заманауи түріне ауысты.Техникалық құжаттама бөлімінің бастығы Бекжан Билібаевтың айтуынша,бұл механиктердің жұмысын біршама жеңілдеткен. Ескі жүйеде бағдаршамдар алыстан анық көрінбесе керек. Қанша рет тоқ жүйесін реттеп, уақытылы баптаса да машинистер тарапынан осыған наразылық туатын. Қазіргісінің жарығы тұман басып, қар жауса, 1000 метрдей тегіс жолда анық көрінетіндіктен, ешқандай шағым жоқ.  Рельс тізбектерінің қорғаныс құралдары да заманауи түріне көшкен.  – Жолдағыдан бөлек, электровоздың ішінде қосымша бағдаршам болады.Оны біздің релелер қуаттандырады. Бүгінде байланыс саласындағы қажетті техникалық құрылғылар тұтастай болмаса да, ішінара соңғы түріне алмастырылуда. Біз жұмыстың жеңілдегенінен бұрын қауіпсіздіктің сақталатынына қуанамыз. Өйткені, жұмыс ауыр немесе жеңіл болсын, ескінің аты ескі. Апат орын алмаса деп алаңдап отырасың. Бағдаршамдағы үш түсті реттеп тұратын,  әрқайсысының өз кодтары қойылған КПТШ сызбасы да жаңаланды. Шымкент – Түлкібас аралығындағы басты жолдардың бәріне бұрынғыСП-6 электр жетегінің орнына қойылған Альстом қызмет көрсетеді. Альстомға ауыстыру үшін Р65 типті  рельстер, темір-бетонды шпалдар болуы керек. Біздің телім түгелге дерлік темір бетонға көшкен. Ленгер бағытына кететін Қазығұрт станциясында 50 пайыз Альстомға көшіп, жолдар темір бетонға айналды. Италиялықтар шығарған бұл электр жетегін бір құрған соң, оның үздіксіз жұмыс істеуі 20 жылға жетеді делінген. Ал пайдасына келсек, механиктер тек жауын-шашынды күндері, қар жауғанда тазалап, тексереді. Моторын ауыстырмайды. Бұрынғы СП-6 жетегінің моторын әр 3-5 жылда ауыстыратын. Жинап алып, моторды реттеген соң қайтадан апарып орналастыратын. Альстомның моторы жетектің ішіне кіріктірілгендіктен алынбайды. Дегенмен, Альстом мүлдем бұзылмас үшін жолдағы талаптардың бәрі соған сай болғаны дұрыс. Мәселен, шпалдар темір-бетонды, бұрмалары да заманауи дегендей. Әр айналым жолының арнайы  кітапшасы бар. Біздің бөлімдегі қыздар келген телеграммалық өзгерістерді бұрынғы сызбаға енгізеді. Алдымен монтажын жасайды. Жігіттер күрделі жұмыстарды үнемі телім бойында жүріп ретке келтіреді, - дейді техникалық құжаттама бөлімінің бастығы.  Өткен жылы Манкент – Түлкібас, Көктерек –Түлкібас, Меңлібай – Көктерек перегонында түрлі-түсті бағдаршамдардың сызбалары қайта жасалыпты. Бұл жұмыс жыл соңына дейін өзге перегондарда қайталанған. Арнайы тапсырма келіп, материалдық жағынан қамтамасыз етпесе де, сызбаларды  дистанциялықтар өз күштерімен жаңалап тұрады екен. Аппараттың бәрі автоматты түрде осы сызбалардың арқасында ашылып-жабылып, жұмыс істеп тұр. Қауіпсіздік үшін алаңдайтын  байланысшылар мүмкіндігінше ескіні жаңалап, жаңаны күтіп ұстауға бейім.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл