Төніп тұрған қауіп жоқ

Новости
23.02.2018, 11:44
Оңтүстікте биыл жауын-шашын аз, қар аз жауды. Есесіне суық жел жиі соғып тұр.  Содан болар кешегі апта бір тәулік жаңбыр жауса да, жердің тоңы қатып қалғандықтан  су жерге сіңбей, Бәйдібек, Созақ аудандарының төменгі елді мекендерін  ішінара су басты. Дегенмен, теміржол бойында ондай қауіп жоқ көрінеді. Арыс, Шымкент, Түлкібас жол дистанциялары жылдағыдай дайындық шараларын жүргізуде. Шымкент жол дистанциясы бойынша Бадам, Тоғыс су бөгеттері мен Манкент станциясындағы Ақсу өзенінің су деңгейі талапқа сай. Түлкібас пен Арыстың екі ортасындағы 88 көпір мен 22 құбыр жиі тазаланып тұр.  Арыс жол дистанциясының инженері Болатбек Салмұрзаевтың айтуынша, жылда екі вагон қиыршық тас, үш платформа темір-бетон шпал, тағы қосымша цемент дайындалады екен. Биыл барлық заттар жиналып тұр, әне-міне вагонға тиелмек.  Өйткені, жылда Арыс – Түркістан бағытындағы Шошқакөлге жақын жердегі Күншағыр – Отырабат телімінің 3124,3126, 3129-шақырымдарында су басу қаупі орын алған. Арыс өзені өтетін  Қостүйін көпірінде су деңгейі қалыпты. – Жамбылға дейінгі аралықта су өткізетін 272 құбыр мен 89 көпірдің тазалығы назарда тұр. Таудың қары тұтас еріп, жаңбыр жауса Күркіреусу – Сұрым аралығында Теріс-Ащыбұлақ су бөгетінен қауіп болуы мүмкін. Өткен жылы осындай уақытта Түлкібас станциясында – 7, Боранды бекетінде 13 вагон платформа жасақталған. Аксу-Жабағылы тауының етегіндегі Боранды, Абайыл, Шақпақ бекеттеріне қар көп түсетіндіктен, су тасқынының алдын алатын керекті заттарды жыл сайын Борандыда дайындаймыз. Төніп тұрған қауіп жоқ болса да биыл да арнайы вагон жасақталуда, - дейді Түлкібас жол дистанциясындағы өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Ғазиза Сүлейменова.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

КТЖ в лицах
03.08.2026
Верность профессии и воля к победе: железнодорожник из Караганды Зангар Кенжебеков
КТЖ в лицах
03.08.2026
От охранника до начальника стрелковой команды: трудовой путь Каршиги Садубаева
КТЖ в лицах
03.08.2026
По стопам матери: четыре десятилетия Ирины Сухаревой на железной дороге
Новости
03.08.2026
Замглавы КТЖ проинспектировал реконструкцию вокзалов в Актюбинской области
КТЖ в лицах
03.08.2026
Между станциями и судьбами: проводник Жанабай Даулетбеков
КТЖ в лицах
03.08.2026
Дорога, ставшая судьбой: история маневрового диспетчера Талгата Хисметова
Новости
02.08.2026
«Руки Вверх!», «Ирина Кайратовна» и 100 тысяч зрителей: День железнодорожника отметили в Экибастузе
Регионы
01.08.2026
После реконструкции открылся вокзал станции Орал
Инфраструктура
01.08.2026
Завершен второй этап модернизации железнодорожного участка Кандыагаш-Тобол
Регионы
01.08.2026
Пять железнодорожных вокзалов обновлены в Акмолинской области
Регионы
01.08.2026
Реконструкция вокзалов Алтай и Кумистау завершена в ВКО
Регионы
31.07.2026
Вокзал Боранды открылся после реконструкции
Регионы
31.07.2026
Модернизация двух объектов пассажирской инфраструктуры завершена в области Жетису
Регионы
31.07.2026
Вокзалы станций Каражал, Жанаарка и Кызылжар открылись после реконструкции в области Улытау
Регионы
31.07.2026
Еще два железнодорожных вокзала реконструированы в Павлодарской области
Новости
31.07.2026
Передовиков производства наградили к профессиональному празднику в КТЖ
Регионы
31.07.2026
Ж/д вокзалы Шалкар и Шубаркудык открылись после реконструкции
Новости
31.07.2026
День работников железнодорожной отрасли отметили в Минтрансе
Регионы
31.07.2026
Костанайский совет ветеранов-железнодорожников отметил 35-летие
Регионы
31.07.2026
Железнодорожников наградили в преддверии профессионального праздника в Кокшетау