Төніп тұрған қауіп жоқ
Оңтүстікте биыл жауын-шашын аз, қар аз жауды. Есесіне суық жел жиі соғып тұр. Содан болар кешегі апта бір тәулік жаңбыр жауса да, жердің тоңы қатып қалғандықтан су жерге сіңбей, Бәйдібек, Созақ аудандарының төменгі елді мекендерін ішінара су басты.
Дегенмен, теміржол бойында ондай қауіп жоқ көрінеді. Арыс, Шымкент, Түлкібас жол дистанциялары жылдағыдай дайындық шараларын жүргізуде. Шымкент жол дистанциясы бойынша Бадам, Тоғыс су бөгеттері мен Манкент станциясындағы Ақсу өзенінің су деңгейі талапқа сай. Түлкібас пен Арыстың екі ортасындағы 88 көпір мен 22 құбыр жиі тазаланып тұр. Арыс жол дистанциясының инженері Болатбек Салмұрзаевтың айтуынша, жылда екі вагон қиыршық тас, үш платформа темір-бетон шпал, тағы қосымша цемент дайындалады екен. Биыл барлық заттар жиналып тұр, әне-міне вагонға тиелмек. Өйткені, жылда Арыс – Түркістан бағытындағы Шошқакөлге жақын жердегі Күншағыр – Отырабат телімінің 3124,3126, 3129-шақырымдарында су басу қаупі орын алған. Арыс өзені өтетін Қостүйін көпірінде су деңгейі қалыпты.
– Жамбылға дейінгі аралықта су өткізетін 272 құбыр мен 89 көпірдің тазалығы назарда тұр. Таудың қары тұтас еріп, жаңбыр жауса Күркіреусу – Сұрым аралығында Теріс-Ащыбұлақ су бөгетінен қауіп болуы мүмкін. Өткен жылы осындай уақытта Түлкібас станциясында – 7, Боранды бекетінде 13 вагон платформа жасақталған. Аксу-Жабағылы тауының етегіндегі Боранды, Абайыл, Шақпақ бекеттеріне қар көп түсетіндіктен, су тасқынының алдын алатын керекті заттарды жыл сайын Борандыда дайындаймыз. Төніп тұрған қауіп жоқ болса да биыл да арнайы вагон жасақталуда, - дейді Түлкібас жол дистанциясындағы өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Ғазиза Сүлейменова.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды