Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының конференциясы болып өтті. Бүгінде бастауыш кәсіподақ ұйымының есебінде 4662 одақ мүшесі бар. Ұйымның бекітілген ережесіне сәйкес, конференцияға 54 делегат сайланды. Басқосу кезінде өткен жылы кәсіподақ тарапынан жүргізілген жұмыстар туралы есеп берілді. Әсіресе, еңбек қауіпсіздігіне қатысты қолға алынған шаралар сөз болды. Өндірістік жарақатты болдырмау, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, жұмыс барысында сынақтар ұйымдастыру, арнайы жұмыс киімдерімен қамту, т.б. мәселелер қаралды. Былтыр Ақтөбеде қатты су тасқыны болғаны белгілі. Зардап шеккен отбасылардың қатарында теміржолшылар да бар. Оларға теміржол мекемелері тарапынан көмек көрсетілген. Соның есебі тыңдалды. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы Самат Ұлмағамбетов еңбек қорғауға қатысты ұйымдастырылған дөңгелек үстелдер, қызметтік міндеттерін орындап жүріп, өндірістік жарақат алған жұмысшыларға көрсетілген материалдық көмек туралы айтты.   Ұлы Жеңіс күнінде соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткендерге көрсетілген құрмет, мүмкіндігі шектеулі балалары бар теміржолшы отбасыларға көмек,  балалар лагерлері мен еңбек демалысы кезінде теміржолшыларға демалыс орындарына арзандатылған бағамен берілетін жолдамалар, өткізіліп жатқан спорттық шаралар да қозғалды.   Кәсіподақ комитетінің конференциясына Батыс филиалының төрағасы Ғабит Садықов пен жүк тасымалы бөлімшесінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Е.Шаймов қатысты. Шара барысында конференция қаулысының жобасын әзірлеу комиссиясысының жұмысы да пысықталды.

Бекбол Құлдан, Ақтөбе