Ел алдында есеп берді
Жаңалықтар
23.02.2018, 12:35
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының конференциясы болып өтті. Бүгінде бастауыш кәсіподақ ұйымының есебінде 4662 одақ мүшесі бар. Ұйымның бекітілген ережесіне сәйкес, конференцияға 54 делегат сайланды.
Басқосу кезінде өткен жылы кәсіподақ тарапынан жүргізілген жұмыстар туралы есеп берілді. Әсіресе, еңбек қауіпсіздігіне қатысты қолға алынған шаралар сөз болды. Өндірістік жарақатты болдырмау, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, жұмыс барысында сынақтар ұйымдастыру, арнайы жұмыс киімдерімен қамту, т.б. мәселелер қаралды. Былтыр Ақтөбеде қатты су тасқыны болғаны белгілі. Зардап шеккен отбасылардың қатарында теміржолшылар да бар. Оларға теміржол мекемелері тарапынан көмек көрсетілген. Соның есебі тыңдалды.
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы Самат Ұлмағамбетов еңбек қорғауға қатысты ұйымдастырылған дөңгелек үстелдер, қызметтік міндеттерін орындап жүріп, өндірістік жарақат алған жұмысшыларға көрсетілген материалдық көмек туралы айтты.
Ұлы Жеңіс күнінде соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткендерге көрсетілген құрмет, мүмкіндігі шектеулі балалары бар теміржолшы отбасыларға көмек, балалар лагерлері мен еңбек демалысы кезінде теміржолшыларға демалыс орындарына арзандатылған бағамен берілетін жолдамалар, өткізіліп жатқан спорттық шаралар да қозғалды.
Кәсіподақ комитетінің конференциясына Батыс филиалының төрағасы Ғабит Садықов пен жүк тасымалы бөлімшесінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Е.Шаймов қатысты.
Шара барысында конференция қаулысының жобасын әзірлеу комиссиясысының жұмысы да пысықталды.
Бекбол Құлдан, Ақтөбе
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды