Өзен-Жетібай:  күшейтілген орташа жөндеу  басталды

Новости
27.02.2018, 11:19
2 мин чтения
Өткен жылы Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне тиесілі аумақта бірқатар құрылыс және жөндеу жұмыстары жүріп, оның ішінде ілкімді жобалар да іске асырылған еді. Мысалы, былтыр "Жетібай-Қарақия" бойынша 20 км жолға күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Яғни, Р43 типті рельс Р65 рельсіне ауыстырылды. Жаңадан салынған Бейнеу-Тассай телімінде  – 283,3 км, Боржақты-Ерсай аралығында 15,5 км жол қабылданды. "Жезқазған-Бейнеу" жобасымен салынған теміржолды электр энергиясымен үзіліссіз жабдықтау үшін кернеулігі 10 кВ, ұзындығы 287,8 км құрайтын автоблокировка АБ әуе желілері, электр қондырғылары және оларды қоректендіруші парк "Б", "Сам", "Тұрыш", "Жарқұм", "Құрсай" пункттері қолданысқа берілді. "Боржақты-Ерсай"  телімі бойынша ұзындығы 14,5 км, 10 кВ кернеулі электр әуе желілері, электр қондырғылары, объектілер дистанцияның өндірістік пайдалануына берілді. Осы қондырғылар мен объектілерді пайдаланып, қызмет көрсетуін жүзеге асыру үшін жаңадан жұмыс орындары ашылды. Нәтижесінде өткен жылы КТСМ құрылғыларымен 65 мың 117 пойыз тексеріліп, ол алдыңғы жылдан 246 бірлікке артқан.       – 2017 жылы дистанцияларға қатысты басты жаңалықтарға қысқаша тоқталсақ, Атырау электрмен жабдықтау дистанциясынан ұзындығы 84 км, кернеулігі 10кВ әуе желілерін, электр қондырғылары бар Боранқұл-Құлсары аралығындағы учаскені өз дистанциямызға қабылдадық. Байланыс және белгі беру дистанциясы бойынша СОБ құрылғыларының жұмыстары 2016 жылғымен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіштерді көрсетті. Боржақты-Ерсай теміржолының  іске қосылуына орай 14,6 км жүйе қолданысқа берілді. Дистанция бүгінде 729,7 шақырымға қызмет көрсетеді, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мұхтар Бақтыгереев.      Директордың мәліметінше, ағымдағы жылғы межеге сәйкес, бүгінгі таңда да ауқымды жұмыстар жалғасуда. Өзен-Жетібай станциялары аралығындағы 118-138 шақырымда 20 шақырымдық күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары басталған. Алдағы уақытта №№5,6,11,12,15,16 разъездер   аралығындағы 72 шақырымға  күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

Шахида Жұман,

Маңғыстау   

Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Новости
15.10.2026
Приоритеты транспортного сотрудничества стран ОЭС до 2035 года обсудили в Астане
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства