Өзен-Жетібай: күшейтілген орташа жөндеу басталды
Өткен жылы Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне тиесілі аумақта бірқатар құрылыс және жөндеу жұмыстары жүріп, оның ішінде ілкімді жобалар да іске асырылған еді. Мысалы, былтыр "Жетібай-Қарақия" бойынша 20 км жолға күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Яғни, Р43 типті рельс Р65 рельсіне ауыстырылды. Жаңадан салынған Бейнеу-Тассай телімінде – 283,3 км, Боржақты-Ерсай аралығында 15,5 км жол қабылданды. "Жезқазған-Бейнеу" жобасымен салынған теміржолды электр энергиясымен үзіліссіз жабдықтау үшін кернеулігі 10 кВ, ұзындығы 287,8 км құрайтын автоблокировка АБ әуе желілері, электр қондырғылары және оларды қоректендіруші парк "Б", "Сам", "Тұрыш", "Жарқұм", "Құрсай" пункттері қолданысқа берілді. "Боржақты-Ерсай" телімі бойынша ұзындығы 14,5 км, 10 кВ кернеулі электр әуе желілері, электр қондырғылары, объектілер дистанцияның өндірістік пайдалануына берілді. Осы қондырғылар мен объектілерді пайдаланып, қызмет көрсетуін жүзеге асыру үшін жаңадан жұмыс орындары ашылды. Нәтижесінде өткен жылы КТСМ құрылғыларымен 65 мың 117 пойыз тексеріліп, ол алдыңғы жылдан 246 бірлікке артқан.
– 2017 жылы дистанцияларға қатысты басты жаңалықтарға қысқаша тоқталсақ, Атырау электрмен жабдықтау дистанциясынан ұзындығы 84 км, кернеулігі 10кВ әуе желілерін, электр қондырғылары бар Боранқұл-Құлсары аралығындағы учаскені өз дистанциямызға қабылдадық. Байланыс және белгі беру дистанциясы бойынша СОБ құрылғыларының жұмыстары 2016 жылғымен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіштерді көрсетті. Боржақты-Ерсай теміржолының іске қосылуына орай 14,6 км жүйе қолданысқа берілді. Дистанция бүгінде 729,7 шақырымға қызмет көрсетеді, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мұхтар Бақтыгереев.
Директордың мәліметінше, ағымдағы жылғы межеге сәйкес, бүгінгі таңда да ауқымды жұмыстар жалғасуда. Өзен-Жетібай станциялары аралығындағы 118-138 шақырымда 20 шақырымдық күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары басталған. Алдағы уақытта №№5,6,11,12,15,16 разъездер аралығындағы 72 шақырымға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді