Шаңғы базасында өткен сайыс

Новости
27.02.2018, 11:59
2 мин чтения
Семей жүк тасымалы бөлімшесінің теміржолшылары үшін биылғы қыс қызықты сайыстарға толы өтуде. Ақ олимпиада қанаттандырған бөлімше теміржолшылары өткен демалыс күні бір күнге теміржолшы формасын спорттық формаға ауыстырып, қарағайлы орман ішіндегі шаңғы базасына келіп, шаңғымен жүгіру бойынша мекемеаралық эстафета өткізді. Жалпы, өзара спорттық жарыстар ұйымдастыру мақсатында семейлік теміржолшылар жиі-жиі табиғат аясына шығып тұрады. Бұл жолы қарағайлы орманға ұжым болып демалуға келген сала мамандары қысқы ойын түрлерінен ең мықты теміржол мекемесін анықтады. Шараны өткізуге бірінші кезекте салалық кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған еді. «ҚР теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досановтың құттықтау сөзінен кейін барша теміржолшылар сыңсыған қарағай арасында сайыс жолына шықты. Шаңғымен жүгіру кросы бойынша өткен эстафетаға егде жастағылар да, жаңа толқын да бір кісідей қатысып, бәсеке көрігін қыздырды. Ұзын саны жүзден аса теміржолшы, 12 команда қатысқан шара мейлінше қызғылықты өтті. Байқау шарты бойынша, қатысушылар эстафета үлгісімен мүлгіген қалың орманның ішіндегі жолмен санаулы минуттар ішінде жүріп өтулері тиіс болатын. Шыңылтыр аязға қарамастан шаңғышылар намысқа тырысып бақты.   Салауаттылықты өмір салтына айналдырған белсенді теміржолшылар, әрине, мәреге алғашқы болып жетіп, кезекті өзге әріптесіне беріп жатты. Мекеме намысын қорғау оңай емес. Жанкүйерлер қиқуы да шаңғышыларға жігер қосып жатты...   – Спорттың бұл түрі бойынша жарысқа қатысуға көпшілік теміржолшылар құлшыныс білдірді. Олардың арасында егде жастағылардың көп болғаны қуантады. Биылғы көрсеткіш бұрынғы жылдардағыдан еш кемімеген. Ал аталмыш шара ел Президенті Н.Назарбаевтың 2020 жылға қарай Қазақстан халқының 30 пайызының тұрақты түрде бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау туралы міндеттемесі жолында үлкен жетістік деп білеміз, – деп пікір білдірді салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Тұрсынұлы. Көп ұзамай нәтиже де белгілі болды. Шаңғы эстафетасында Семей электрмен жабдықтау дистанциясының теміржолшылары мәреге бірінші болып жетіп, жүлделі орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды ШЧ-29 мекемесінің теміржолшылары иеленсе, үшінші орынға Семей жол дистанциясының жігіттері тұрақтады. Сайыс соңында барша жеңімпаз командаларды марапаттау рәсімі өтті. Енді бөлімшеде жарыстың қызықты сәттерін бейнелейтін көріністерден арнайы композициялық стенд жасалмақ.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Новости
16.10.2026
Заседание Координационного транспортного совещания государств – участников СНГ прошло в Астане
Новости
16.10.2026
Казахстан и Чехия договорились о развитии сотрудничества в транспортной сфере
Регионы
16.10.2026
Акмолинское отделение магистральной сети готовится к зиме
Новости
16.10.2026
Путейцы Кульсары признаны лучшими по итогам 2025 года
Новости
16.10.2026
ҚТЖ представило свои возможности на выставке TransLogistica Kazakhstan в Астане
Новости
16.10.2026
ҚТЖ провело серию переговоров о развитии ТМТМ и увеличении грузопотоков
КТЖ в лицах
16.10.2026
Ирину Харьковскую проводили на пенсию в Дирекции интегрированного планирования
Новости / Архив
16.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №82 от 16 октября 2026 года
Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака