Шаңғы базасында өткен сайыс
Семей жүк тасымалы бөлімшесінің теміржолшылары үшін биылғы қыс қызықты сайыстарға толы өтуде. Ақ олимпиада қанаттандырған бөлімше теміржолшылары өткен демалыс күні бір күнге теміржолшы формасын спорттық формаға ауыстырып, қарағайлы орман ішіндегі шаңғы базасына келіп, шаңғымен жүгіру бойынша мекемеаралық эстафета өткізді.
Жалпы, өзара спорттық жарыстар ұйымдастыру мақсатында семейлік теміржолшылар жиі-жиі табиғат аясына шығып тұрады. Бұл жолы қарағайлы орманға ұжым болып демалуға келген сала мамандары қысқы ойын түрлерінен ең мықты теміржол мекемесін анықтады. Шараны өткізуге бірінші кезекте салалық кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған еді. «ҚР теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Семей өңірі бойынша өкілі Алик Досановтың құттықтау сөзінен кейін барша теміржолшылар сыңсыған қарағай арасында сайыс жолына шықты.
Шаңғымен жүгіру кросы бойынша өткен эстафетаға егде жастағылар да, жаңа толқын да бір кісідей қатысып, бәсеке көрігін қыздырды. Ұзын саны жүзден аса теміржолшы, 12 команда қатысқан шара мейлінше қызғылықты өтті.
Байқау шарты бойынша, қатысушылар эстафета үлгісімен мүлгіген қалың орманның ішіндегі жолмен санаулы минуттар ішінде жүріп өтулері тиіс болатын. Шыңылтыр аязға қарамастан шаңғышылар намысқа тырысып бақты.
Салауаттылықты өмір салтына айналдырған белсенді теміржолшылар, әрине, мәреге алғашқы болып жетіп, кезекті өзге әріптесіне беріп жатты. Мекеме намысын қорғау оңай емес. Жанкүйерлер қиқуы да шаңғышыларға жігер қосып жатты...
– Спорттың бұл түрі бойынша жарысқа қатысуға көпшілік теміржолшылар құлшыныс білдірді. Олардың арасында егде жастағылардың көп болғаны қуантады. Биылғы көрсеткіш бұрынғы жылдардағыдан еш кемімеген. Ал аталмыш шара ел Президенті Н.Назарбаевтың 2020 жылға қарай Қазақстан халқының 30 пайызының тұрақты түрде бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау туралы міндеттемесі жолында үлкен жетістік деп білеміз, – деп пікір білдірді салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Тұрсынұлы.
Көп ұзамай нәтиже де белгілі болды. Шаңғы эстафетасында Семей электрмен жабдықтау дистанциясының теміржолшылары мәреге бірінші болып жетіп, жүлделі орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды ШЧ-29 мекемесінің теміржолшылары иеленсе, үшінші орынға Семей жол дистанциясының жігіттері тұрақтады.
Сайыс соңында барша жеңімпаз командаларды марапаттау рәсімі өтті. Енді бөлімшеде жарыстың қызықты сәттерін бейнелейтін көріністерден арнайы композициялық стенд жасалмақ.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды