Аққыстаудың абыройлы арулары
Атырау темір жолына қарасты Аққыстау станциясы Ресейдің Астрахань бағытында Нарын, Исатай, Афанасьев, Дина Нұрпейісова, ал Атырау бағытында Махамбет станциясымен шектеседі. Шағын болғанмен көтерер жүгі қомақты. Себебі, еларалық жүктер алдымен осы станция арқылы өтеді. Станцияны 1012 жылдан бері Гурьев теміржол техникумын және Ақтөбе темір жол институтын бітірген қозғалыс саласының маманы, әр жылдарда Нарын, Исатай, Үстірт, Құлсары станцияларында станция кезекшісі қызметін атқарған Гүлнар Көшкенбаева басқарады.
Мамандармен толықты
Шалғайдағы шағын станциялардың жағдайы туралы айтқанда алдымен олардың мамандармен қамтылуы ойға оралады. Өйткені, жұрттың бәрі қалаға қоныс аударып, урбанизация қатты жүріп жатқанда, алыс ауылдарға кімдер барып жұмыс жасайды деген ой келеді. Ал Аққыстау станциясында жұмыс көлемі артып, былтыр штат 9 адаммен толыққан. Станция Исатай ауданының орталығында орын тепкендіктен, мұнда келер жүк көлемі де қомақты. Жергілікті халықтың негізгі тұтынатын тауарлары осы станцияға жеткізіледі. Құрылыс материалдары, азық-түлік, техникалық құралдар, мұнай өнімдері, халықтық тұтыну тауарлары, т.б. Бүгінде әлеуметтік жағдайы жақсарған халық жаңа қоныс салуды көздеп, тастан әдемілеп үй салады, станция басында ондай үйлер аз емес. Станция бастығы Гүлнар Көшкенбаеваның айтуынша, тәулігіне 5-6 жұпқа дейін пойыз, 8-10 вагон қабылдап-жөнелтіледі. Яғни осынша вагон жүк түсіріледі. Бұл шағын станцияға аз көрсеткіш емес. Станция басында жол дистанциясының жолшылары, ШЧ-8 дистанциясының байланысшылары, ВЧД-1 станциясының вагоншылары, ЭЧ-4 дистанциясының электромонтерлері өз қызметтерін атқаруда. Станция ғимаратында станция бастығы, кезекшісімен қатар СОБ, СЦ бөлмелері, 40 адамдық күту залы бар. Вокзал ғимаратында ауыз су, жылу жоқ, қызметкерлер қыста бүрсеңдеп тонып отыратын-ды. Былтырғы жылдан бастап жылу жүйелері жүргізіліп, бүгінде мамандар жылы да жайлы бөлмеде жұмыс істеуде. Су жүйесін жаңарту жүріп жатыр.Билет кассасы қажет
Күрмеулі мәселе болып келе жатқан – билет сататын кассаның жайы. Бұрынғы «Яик-трейдинг» ЖШС-мен келісімшарт үзілген. Енді касса «Вокзал-Сервис» АҚ-ның балансына көшті. Соған орай касса ашу мәселесі бүгінде Атырау жүк тасымалы басшылығы тарапынан қаралу үстінде. Ол оң шешіледі деген үміт бар. Өйткені аудан орталығы саналатын Аққыстауда қазірде 11 мыңнан астам халық тұрады. Олар билет кассасының ашылуын асыға күтіп отыр, бұл әрі кіріс көзі де. Бүгінде жолаушылар аудан орталығындағы коммерциялық кассалар арқылы билет алуда, бірақ олардың бағасы қымбаттау. Ал бұған дейін вокзал кассасынан тәулігіне жолаушыларға 100 билет шамасында сатылып отырған. Жергілікті тұрғындар тарапынан билет сатуды жандандыру жөнінде пікірлерін білдіріп әлі де вокзал есігін қағып келушілер көп екен.Жоспар артығымен орындалды
– Жұртшылық мұнда облыс орталығынан Атырау-Астрахань пойызымен қатынайды. Сондықтан кассаның ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін маңызды мәселе. Одан басқа станция арқылы Душанбе-Москва, Саратов-Волгаград жүрдек пойыздары мен 12 транзиттік жүк пойыздары өтеді. Жалпы станцияда 24 адам ауысыммен жұмыс жасайды. Соңғы жылдары штат кестесі артып, жаңа жұмыс орындарымен толықты. Станция былтырғы жылдың жүк түсіру көлемін артығымен орындады. Жоспар 1927 болса, орындалғаны 2127 вагон, яғни 110%. Жүк түсіру көлемі биылғы жылы да артығымен орындалады деп күтілуде. Өйткені, басқасын айтпағанда бір ғана «Жайықмұнайгаз» мекемесінде көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде, онда келіп жатқан жаңа техникалар мен жабдықтар, құрылыс материалдары да аз емес. Станция өз қуатын молынан пайдаланып отыр, – дейді станция бастығы Гүлнар Жағыпарқызы.Құрылыс көп, жүк мол
Оған қоса станцияның арғы бетінен «Өркен» деп аталатын жаңа мөлтек аудан бой көтеруде екен. Сонымен қатар 280 орындық балабақша салынуда. Сол ауылмен қатынасты жақсарту және адам, жол қауіпсіздігін сақтау үшін Аққыстау станциясы арқылы темір жолдың арғы бетіне өтетін жаяу жүргіншілер көпірі салынбақшы. Чапаев ауылында техникалық колледждің де құрылысы биыл басталмақ. Тағы бір мәселе «Нұрлы жол» бағдарламасына сайкес, республикалық Ақтөбе-Атырау-Астрахань жолы – осы Аққыстау станциясы маңынан өтіп жатқан жол. 2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап осы жолдың құрылысы басталмақшы. Сонда аталған жұмыстардың бәрін қоса алғанда станцияның жүк түсіру көлемі арта түсетіні анық.Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Новости
15.10.2026
Приоритеты транспортного сотрудничества стран ОЭС до 2035 года обсудили в Астане
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны