Аққыстаудың абыройлы арулары

Жаңалықтар
06.03.2018, 14:34
Оқуға 4 мин
Атырау темір жолына қарасты Аққыстау станциясы Ресейдің Астрахань бағытында Нарын, Исатай, Афанасьев, Дина Нұрпейісова, ал Атырау бағытында Махамбет станциясымен шектеседі. Шағын болғанмен көтерер жүгі қомақты. Себебі, еларалық жүктер алдымен осы станция арқылы өтеді. Станцияны 1012 жылдан бері Гурьев теміржол техникумын және Ақтөбе темір жол институтын бітірген қозғалыс саласының маманы, әр жылдарда Нарын, Исатай, Үстірт, Құлсары станцияларында станция кезекшісі қызметін атқарған Гүлнар Көшкенбаева басқарады.  

Мамандармен толықты

Шалғайдағы шағын станциялардың жағдайы туралы айтқанда алдымен олардың мамандармен қамтылуы ойға оралады. Өйткені, жұрттың бәрі қалаға қоныс аударып, урбанизация қатты жүріп жатқанда, алыс ауылдарға кімдер барып жұмыс жасайды деген ой келеді. Ал Аққыстау станциясында жұмыс көлемі артып, былтыр штат 9 адаммен толыққан. Станция Исатай ауданының орталығында орын тепкендіктен, мұнда келер жүк көлемі де қомақты. Жергілікті халықтың негізгі тұтынатын тауарлары осы станцияға жеткізіледі. Құрылыс материалдары, азық-түлік, техникалық құралдар, мұнай өнімдері, халықтық тұтыну тауарлары, т.б. Бүгінде әлеуметтік жағдайы жақсарған халық жаңа қоныс салуды көздеп, тастан әдемілеп үй салады, станция басында ондай үйлер аз емес. Станция бастығы Гүлнар Көшкенбаеваның айтуынша, тәулігіне 5-6 жұпқа дейін пойыз, 8-10 вагон қабылдап-жөнелтіледі. Яғни осынша вагон жүк түсіріледі. Бұл шағын станцияға аз көрсеткіш емес. Станция басында жол дистанциясының жолшылары, ШЧ-8 дистанциясының байланысшылары, ВЧД-1 станциясының вагоншылары, ЭЧ-4 дистанциясының электромонтерлері өз қызметтерін атқаруда. Станция ғимаратында станция бастығы, кезекшісімен қатар СОБ, СЦ бөлмелері, 40 адамдық күту залы бар. Вокзал ғимаратында ауыз су, жылу жоқ, қызметкерлер қыста бүрсеңдеп тонып отыратын-ды. Былтырғы жылдан бастап жылу жүйелері жүргізіліп, бүгінде мамандар жылы да жайлы бөлмеде жұмыс істеуде. Су жүйесін жаңарту жүріп жатыр. 

             Билет кассасы қажет

Күрмеулі мәселе болып келе жатқан – билет сататын кассаның жайы. Бұрынғы «Яик-трейдинг» ЖШС-мен келісімшарт үзілген. Енді касса «Вокзал-Сервис» АҚ-ның балансына көшті. Соған орай касса ашу мәселесі бүгінде Атырау жүк тасымалы басшылығы тарапынан қаралу үстінде. Ол оң шешіледі деген үміт бар. Өйткені аудан орталығы саналатын Аққыстауда қазірде 11 мыңнан астам халық тұрады. Олар билет кассасының ашылуын асыға күтіп отыр, бұл әрі кіріс көзі де. Бүгінде жолаушылар аудан орталығындағы коммерциялық кассалар арқылы билет алуда, бірақ олардың бағасы қымбаттау. Ал бұған дейін вокзал кассасынан тәулігіне жолаушыларға 100 билет шамасында сатылып отырған. Жергілікті тұрғындар тарапынан билет сатуды жандандыру жөнінде пікірлерін білдіріп әлі де вокзал есігін қағып келушілер көп екен.

Жоспар артығымен орындалды

– Жұртшылық мұнда облыс орталығынан Атырау-Астрахань пойызымен қатынайды. Сондықтан кассаның ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін маңызды мәселе. Одан басқа станция арқылы Душанбе-Москва, Саратов-Волгаград жүрдек пойыздары мен 12 транзиттік жүк пойыздары өтеді. Жалпы станцияда 24 адам ауысыммен жұмыс жасайды. Соңғы жылдары штат кестесі артып, жаңа жұмыс орындарымен толықты. Станция былтырғы жылдың жүк түсіру көлемін артығымен орындады. Жоспар 1927 болса, орындалғаны 2127 вагон, яғни 110%. Жүк түсіру көлемі биылғы жылы да артығымен орындалады деп күтілуде. Өйткені, басқасын айтпағанда бір ғана «Жайықмұнайгаз» мекемесінде көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде, онда келіп жатқан жаңа техникалар мен жабдықтар, құрылыс материалдары да аз емес. Станция өз қуатын молынан пайдаланып отыр, – дейді станция бастығы Гүлнар Жағыпарқызы.

Құрылыс көп, жүк мол

Оған қоса станцияның арғы бетінен «Өркен» деп аталатын жаңа мөлтек аудан бой көтеруде екен. Сонымен қатар 280 орындық балабақша салынуда. Сол ауылмен қатынасты жақсарту және адам, жол қауіпсіздігін сақтау үшін Аққыстау станциясы арқылы темір жолдың арғы бетіне өтетін жаяу жүргіншілер көпірі салынбақшы. Чапаев ауылында техникалық колледждің де құрылысы биыл басталмақ. Тағы бір мәселе «Нұрлы жол» бағдарламасына сайкес, республикалық Ақтөбе-Атырау-Астрахань жолы – осы Аққыстау станциясы маңынан өтіп жатқан жол. 2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап осы жолдың құрылысы басталмақшы. Сонда аталған жұмыстардың бәрін қоса алғанда станцияның жүк түсіру көлемі арта түсетіні анық.

Қосұйым МҰҚАШЕВ, Атырау

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді