Аягөз – ая, арулар елі деседі...

Новости
06.03.2018, 15:06
3 мин чтения
«Аягөз – ая, арулар елі кешегі...» деп Мұқағали жырға қосқан осынау тарихи өңірде кіл әйел затынан тұратын бір мекеме бар. Іргетасы Түрксіб құрылысы дәуірінде бой көтерген теміржол вокзалында бүгінде қызмет қарқынды. Салынғанына 90 жылға таяп қалған алып нысан, ондағы нәзікжандылар қауымы биылғы 8 наурыз мерекесін табыспен қарсы алмақ. Шартараптан түйіскен желілерді жалғап жатқан Аягөз теміржол бекетінде тәулік бойы жұмыс қарқынды. Бүгінде жолаушылар пойызының 16 жұбы Аягөзге тоқтап өтеді екен. Оның ішінде төртеуі – халықаралық  құрамдар. Жолаушылар тасқыны тәулік бойы мүлде толастамайды десе де болғандай. Айта кетерлігі, айына 20 мыңдай адам осы бекеттен билет алып аттанады. Міне, таусылмайтын осынау қыруар шаруаның барлығын осындағы тек әйелдерден тұратын ұжым мүшелері  атқарады. Жанар Көкебаева басқаратын іргелі мекеме, алып ғимарат іші мұнда келуші жолаушылар қауымы үшін үйдегідей жайлы. Ана қамқорлығы мен әйел затының нәзік қолынан күтім көретін нысанға енді аз жылда ғасыр толады екен.  Жыл сайын жаңа технологиямен жаңарып-жаңғырып отырған нысан әлі де жүз жыл жасауға дайын.  Мәселен, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесі дамытылып, күту залына қосымша вентиляция мен дауыс зорайтқыштар орнатылған. Бұл вокзал  қызметкерлерінің жауапкершілігін де арттырған. Осы ретте өткен жылдың ішінде жолаушылар тарапынан бірде-бір шағым түспегені олардың өз міндеттерін қаншалықты жауапты атқарып отырғанын көрсетсе керек. Қазіргі күні мекемеде 40 жылға жуық еңбек өтілдері бар жандар қызмет атқаруда. Соның ішінде Айжан Омарбекова бастаған аға буын өкілдерін баса айтуға болады. Әйтсе де, алдыңғы толқын аға буынның қатары сиреп, орнын жаңа толқын басуда. Вокзал бастығының көмекшілері Назым Әбдрахманова, Айсұлу Төрткүлбаева, сондай-ақ, Айгүл Абилова мен Гүлнұр Ибраева – кейінгі жылдары өсіп шыққан мамандар.  Бекеттегі қызмет көрсету заманауи үлгіге сай жүргізілуде. Толықтай күрделі жөндеуден өткен ғимарат қажетті құрылғылармен жабдықталған. Ақпараттық стенділер жаңартылып, әсіресе, билет кассаларын жаңартуға ерекше назар аударылуда. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін нұсқау белгілері бар арнайы билет сататын орындар ашылып, ғимарат кіреберісінен қосымша пандустар салынған. – Шаһар «визиткасы» саналатын теміржол вокзалы қандай болса, келіп түскен меймандар да қала жайлы сондай ойда болары белгілі. Сол себепті де бекет ғимаратын әрлеу, аумағын абаттандыру, эстетикалық талғамға сай ету жұмыстары назардан түскен емес. Ал, вокзал маңын гүлзарға айналдыру бірінші кезекте назарымызда, – дейді Жанар Көкебаева. Өткен жылдары вокзал алаңы толықтай қайта асфальтталып, күрделі жөндеуден өткізілген. Күту залы мен нысанға қарасты жалпы аумаққа ағымдағы жөндеу жүргізілген.  Жылу және кәріз жүйелерінде ақау жоқ. Ғимарат іші жылдың суық маусымында да жылы, жолаушылар үшін қолайлылық жоғары. Ұядай ғимараттың айнадай таза, үйдей жайлы болуы кіл қыз-келіншектерден құралған вокзал ұжымының арқасы десек, қателеспейміз.  

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей 

Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Новости
15.10.2026
Приоритеты транспортного сотрудничества стран ОЭС до 2035 года обсудили в Астане
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны