Аягөз – ая, арулар елі деседі...
«Аягөз – ая, арулар елі кешегі...» деп Мұқағали жырға қосқан осынау тарихи өңірде кіл әйел затынан тұратын бір мекеме бар. Іргетасы Түрксіб құрылысы дәуірінде бой көтерген теміржол вокзалында бүгінде қызмет қарқынды. Салынғанына 90 жылға таяп қалған алып нысан, ондағы нәзікжандылар қауымы биылғы 8 наурыз мерекесін табыспен қарсы алмақ.
Шартараптан түйіскен желілерді жалғап жатқан Аягөз теміржол бекетінде тәулік бойы жұмыс қарқынды. Бүгінде жолаушылар пойызының 16 жұбы Аягөзге тоқтап өтеді екен. Оның ішінде төртеуі – халықаралық құрамдар. Жолаушылар тасқыны тәулік бойы мүлде толастамайды десе де болғандай. Айта кетерлігі, айына 20 мыңдай адам осы бекеттен билет алып аттанады. Міне, таусылмайтын осынау қыруар шаруаның барлығын осындағы тек әйелдерден тұратын ұжым мүшелері атқарады.
Жанар Көкебаева басқаратын іргелі мекеме, алып ғимарат іші мұнда келуші жолаушылар қауымы үшін үйдегідей жайлы. Ана қамқорлығы мен әйел затының нәзік қолынан күтім көретін нысанға енді аз жылда ғасыр толады екен. Жыл сайын жаңа технологиямен жаңарып-жаңғырып отырған нысан әлі де жүз жыл жасауға дайын. Мәселен, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесі дамытылып, күту залына қосымша вентиляция мен дауыс зорайтқыштар орнатылған. Бұл вокзал қызметкерлерінің жауапкершілігін де арттырған. Осы ретте өткен жылдың ішінде жолаушылар тарапынан бірде-бір шағым түспегені олардың өз міндеттерін қаншалықты жауапты атқарып отырғанын көрсетсе керек.
Қазіргі күні мекемеде 40 жылға жуық еңбек өтілдері бар жандар қызмет атқаруда. Соның ішінде Айжан Омарбекова бастаған аға буын өкілдерін баса айтуға болады. Әйтсе де, алдыңғы толқын аға буынның қатары сиреп, орнын жаңа толқын басуда. Вокзал бастығының көмекшілері Назым Әбдрахманова, Айсұлу Төрткүлбаева, сондай-ақ, Айгүл Абилова мен Гүлнұр Ибраева – кейінгі жылдары өсіп шыққан мамандар.
Бекеттегі қызмет көрсету заманауи үлгіге сай жүргізілуде. Толықтай күрделі жөндеуден өткен ғимарат қажетті құрылғылармен жабдықталған. Ақпараттық стенділер жаңартылып, әсіресе, билет кассаларын жаңартуға ерекше назар аударылуда. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін нұсқау белгілері бар арнайы билет сататын орындар ашылып, ғимарат кіреберісінен қосымша пандустар салынған.
– Шаһар «визиткасы» саналатын теміржол вокзалы қандай болса, келіп түскен меймандар да қала жайлы сондай ойда болары белгілі. Сол себепті де бекет ғимаратын әрлеу, аумағын абаттандыру, эстетикалық талғамға сай ету жұмыстары назардан түскен емес. Ал, вокзал маңын гүлзарға айналдыру бірінші кезекте назарымызда, – дейді Жанар Көкебаева.
Өткен жылдары вокзал алаңы толықтай қайта асфальтталып, күрделі жөндеуден өткізілген. Күту залы мен нысанға қарасты жалпы аумаққа ағымдағы жөндеу жүргізілген. Жылу және кәріз жүйелерінде ақау жоқ. Ғимарат іші жылдың суық маусымында да жылы, жолаушылар үшін қолайлылық жоғары. Ұядай ғимараттың айнадай таза, үйдей жайлы болуы кіл қыз-келіншектерден құралған вокзал ұжымының арқасы десек, қателеспейміз.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді