Станция жұмысында кідіріс жоқ

Новости
13.03.2018, 17:14
Шиелі станциясы Қызылорда ЖТ бөлімшесіндегі маңызды торап болып саналады.  Әр айдың жүк тиеу-түсіру, жүк құжаттарын рәсімдеу және басқа да станциялық жұмыстарды талапқа сай орындап отырған станция тынысы тәулік бойы тынған емес.  Өткен жылдың желтоқсанында межеленген 3 вагон орнына 8 вагонға  497 тонна жүк тиеп, жоспарды 267 пайызға орындаса, жыл бойы 774 вагонға 46572 тонна жүк тиеген екен. Өткен жылдың 12666 вагоннан жүк түсіру межесін 12976 вагонға жеткізіп, жоспарды 102 пайызға орындаған. – Биылғы жылы да сол қарқынын бәсеңдетпеген шиеліліктер қаңтар айында 11 вагонға 741 тонна жүк тиеп, 1060 тонна жүк түсірді, – деп мәлімдеді Шиелі станциясы бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров. Жыл басы болғандықтан кейбір көрсеткіштердің орындалуында аз-кем олқылықтар болғанмен алдағы кезеңдерде олардың орнын толықтыруға мүмкіндіктер болатынына сенімді.  – Шиелі станциясы бөлімшедегі жүк тиеу-түсіру жұмыстары үздіксіз жүргізілетін станция болғандықтан мұнда тәулік бойы жұмыс жүреді. Өткен жылдың қорытындысында жұмыс көрсеткіштерін 98 бен 115 пайыз аралығында орындаған едік, биылғы жылы да осы межеден төмендемесіміз анық, – дейді Нұрғали Жүрсінұлы. Жыл басынан бергі мерзімде станция басшылығы тарапынан тұрақты клиенттермен кездесу, түсіндіру жұмыстары да үздіксіз жүргізіліп, теміржол арқылы тасымалданған жүктерге берілетін жеңілдіктер мен қосымша мүмкіндіктер жайлы насихат жұмысын жүргізіп келеді екен. Нәтижесінде «Казатомпром» кәсіпорнымен қоса осы мекеменің еншілес кәсіпорындары «ТТК-Шиелі», «МКС компаниялары» және де тұрғылықты кәсіпкерлерден «Мырзабаев», «Тұрманов», «Тәжібаев» сынды заңды тұлғалармен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Станцияда «бөтен» адам жоқ. Вагондарға жүк тиеп-түсіру, кірме жолдарға вагонның берілуі және жүк операциясы орындалған соң оны қайта қабылдап кері жөнелту, станция жолына келген жүк пойызындағы вагондарды бағытына қарай бөлшектеп, қайта құрастыру секілді жүмыстарды осы кәсіпке әбден төселіп, талай жыл мол тәжірибе жинақтаған теміржолшылар еңбек етеді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Шиелі

КТЖ в лицах
03.08.2026
От охранника до начальника стрелковой команды: трудовой путь Каршиги Садубаева
КТЖ в лицах
03.08.2026
По стопам матери: история железнодорожницы Ирины Сухаревой
Новости
03.08.2026
Замглавы КТЖ проинспектировал реконструкцию вокзалов в Актюбинской области
КТЖ в лицах
03.08.2026
Мечта, ставшая судьбой: история проводника Жанабая Даулетбекова
КТЖ в лицах
03.08.2026
Дорога, ставшая судьбой: история маневрового диспетчера Талгата Хисметова
Новости
02.08.2026
«Руки Вверх!», «Ирина Кайратовна» и 100 тысяч зрителей: День железнодорожника отметили в Экибастузе
Регионы
01.08.2026
После реконструкции открылся вокзал станции Орал
Инфраструктура
01.08.2026
Завершен второй этап модернизации железнодорожного участка Кандыагаш-Тобол
Регионы
01.08.2026
Пять железнодорожных вокзалов обновлены в Акмолинской области
Регионы
01.08.2026
Реконструкция вокзалов Алтай и Кумистау завершена в ВКО
Регионы
31.07.2026
Вокзал Боранды открылся после реконструкции
Регионы
31.07.2026
Модернизация двух объектов пассажирской инфраструктуры завершена в области Жетису
Регионы
31.07.2026
Вокзалы станций Каражал, Жанаарка и Кызылжар открылись после реконструкции в области Улытау
Регионы
31.07.2026
Еще два железнодорожных вокзала реконструированы в Павлодарской области
Новости
31.07.2026
Передовиков производства наградили к профессиональному празднику в КТЖ
Регионы
31.07.2026
Ж/д вокзалы Шалкар и Шубаркудык открылись после реконструкции
Новости
31.07.2026
День работников железнодорожной отрасли отметили в Минтрансе
Регионы
31.07.2026
Железнодорожников наградили в преддверии профессионального праздника в Кокшетау
Новости
31.07.2026
KTZ Express и порт Чэнду обсудили развитие международных перевозок
Регионы
31.07.2026
От трех стойл до современного предприятия: история Илецкого локомотивного депо