Станция жұмысында кідіріс жоқ
Шиелі станциясы Қызылорда ЖТ бөлімшесіндегі маңызды торап болып саналады. Әр айдың жүк тиеу-түсіру, жүк құжаттарын рәсімдеу және басқа да станциялық жұмыстарды талапқа сай орындап отырған станция тынысы тәулік бойы тынған емес.
Өткен жылдың желтоқсанында межеленген 3 вагон орнына 8 вагонға 497 тонна жүк тиеп, жоспарды 267 пайызға орындаса, жыл бойы 774 вагонға 46572 тонна жүк тиеген екен. Өткен жылдың 12666 вагоннан жүк түсіру межесін 12976 вагонға жеткізіп, жоспарды 102 пайызға орындаған.
– Биылғы жылы да сол қарқынын бәсеңдетпеген шиеліліктер қаңтар айында 11 вагонға 741 тонна жүк тиеп, 1060 тонна жүк түсірді, – деп мәлімдеді Шиелі станциясы бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров.
Жыл басы болғандықтан кейбір көрсеткіштердің орындалуында аз-кем олқылықтар болғанмен алдағы кезеңдерде олардың орнын толықтыруға мүмкіндіктер болатынына сенімді.
– Шиелі станциясы бөлімшедегі жүк тиеу-түсіру жұмыстары үздіксіз жүргізілетін станция болғандықтан мұнда тәулік бойы жұмыс жүреді. Өткен жылдың қорытындысында жұмыс көрсеткіштерін 98 бен 115 пайыз аралығында орындаған едік, биылғы жылы да осы межеден төмендемесіміз анық, – дейді Нұрғали Жүрсінұлы.
Жыл басынан бергі мерзімде станция басшылығы тарапынан тұрақты клиенттермен кездесу, түсіндіру жұмыстары да үздіксіз жүргізіліп, теміржол арқылы тасымалданған жүктерге берілетін жеңілдіктер мен қосымша мүмкіндіктер жайлы насихат жұмысын жүргізіп келеді екен. Нәтижесінде «Казатомпром» кәсіпорнымен қоса осы мекеменің еншілес кәсіпорындары «ТТК-Шиелі», «МКС компаниялары» және де тұрғылықты кәсіпкерлерден «Мырзабаев», «Тұрманов», «Тәжібаев» сынды заңды тұлғалармен тығыз қарым-қатынас орнатылған.
Станцияда «бөтен» адам жоқ. Вагондарға жүк тиеп-түсіру, кірме жолдарға вагонның берілуі және жүк операциясы орындалған соң оны қайта қабылдап кері жөнелту, станция жолына келген жүк пойызындағы вагондарды бағытына қарай бөлшектеп, қайта құрастыру секілді жүмыстарды осы кәсіпке әбден төселіп, талай жыл мол тәжірибе жинақтаған теміржолшылар еңбек етеді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Шиелі
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?