Тасқынға дайындық тастай
Атырау облысында 2015, 2016 жылдары екі жыл қатарынан апталап жауған нөсер жауыннан мыңдаған үйлер, авто, темір жолдарды су алып, жергілікті халық зардап шеккені белгілі. Соған орай өңірде жыл сайын сақтық шаралары алынуда.
Әрине, Атырауда қар көлемі биыл әдеттегіден аз түсті. Бүгінде ауа райының жылына бастауымен аз қар біртіндеп еріп те кетуде. Ақтөбе облысындағы өзендердің су бассейндерінде ылғалдану әдеттегіден 20-40 пайызға кем, ал Жайық өзенінің бастауында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары аумағында қардың көлемі жылдағыдан аз. Дегенмен, аймақ теміржолшылары қамсыз емес, көктемгі су тасқыны аймаққа еш зиянын салмай өте шығады екен деп қаннен-қаперсіз отыруға болмайтынын олар жақсы біледі. Әсіресе, Құрманғазы, Исатай ауданында қауіп бар. Өйткені су бөгеттері – дамбалардың соңғысы 1994 жылы салынған. Ал аталған аудандарда Исатай, Аққыстау, Бекбике, Д.Нұрпейісова, Ганюшкино, Ақсарай, т.б. станция-разъездер бар. Шапқан аттан озып кететін су тасқыны келер болса, ол бекеттерге қауіп зор. Сондықтан, қала-аудандардағы арнаулы техникаларды, тасқынға қарсы тұрғызылған бөгеттерді жөндеу, елді мекендердің қауіпті аймақтарына топырақ, қапшық, жанар-жағармай жеткізу, темір жол бойын су тасқынынан сақтау ісіне тастүйін дайындық жасалған.
Мыалы, Атырау магистральдық желі бөлімшесі бойынша 2018 жылғы көктемгі сең тасқыны, өр, жаңбыр сулары ағысы кезінде жолдың, жол төсемінің және жасанды құрылыс кешендерінің сақталуы мен тұрақты жұмыс істеуін алдын ала ұйымдастыру барысындағы техникалық іс-шаралар өз деңгейінде орындалуда. Облыс аймағындағы темір жол торабы бойынша негізгі жолдың ұзындығы – 555,8 км. Бөлімшенің қызмет көрсету аралығында 56 көпір, 204 темірбетонды су құбырлары бар.
Атырау облысы аумағында негізінен Жайық өзені өтеді, сондай-ақ Қиғаш, Жем, Ойыл өзендерінің де тасуы мүмкін жағдай, ауа райының жылуына байланысты мұз біртіндеп еріп жатыр. Каспий теңізі де бүйірде тиіп тұр. Биылғы жылы жауған қар көлемі жылдағыдан көп болмағанымен, су негізінен Ресейден ағыспен келетіндіктен, су тасқыны болуы қашан да мүмкін жағдай. Әсіресе Ресеймен шектес Қиғаш өзенінен қауіп бар. Соған орай, бүгінде бөлімше бойынша сақтық жұмыстары ұйымдастырылып, көктемгі су тасқыны жұмыстары үшін вагондармен келген жабдықтар бекітілген станцияларда тұр. Атырау облысы аймағына қарасты теміржол торабы бойынша су шайып кетуге қарсы 2 пойыз құрамы, 15 вагон жасақталған. Оның ішінде Ірілендірілген Атырау жол дистанциясы бойынша бір пойыз, 9 вагон Ганюшкино станциясына, 6 вагон Құлсары станциясына бекітілген. Атырау станциясы басында қазіргі уақытта құрал-жабдықтар, күрек, қайла, зембіл, құм салынған қапшықтар, т.б. тиелген 1 вагон және рельс пакеті, темірбетон шпалдар тиелген вагондар тұр, ал Ақжайық станциясында темірбетон шпалдар тиелген 2 вагон дайын тұр. Барлық вагондардың орналасу орындары – Ганюшкино мен Құлсары станциялары.
Атырау, Құлсары жол дистанциялары бойынша су тасқынына қарсы барлық материалдар вагон-вагонымен келіп тұр, қандай жағдайға да әзір. Атырау, Ақтөбе жол тораптарын су тасқынынан қорғау жұмыстары бойынша тиелген хоппер-мөлшерлегіш вагондары, шағылтас станцияларға қойылуда.
– Қазірде магистраль желісіне қарасты дистанциялардың жауапкершілігіндегі жасанды құрылыс нысандары, көпірлер, темірбетонды тұрбалар, кюветтік су ағысы жыралары қардан, қоқыстан тазартылып, күнделікті күтіп-ұстау, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Су тасқыны кезінде шайып кету қаупі бар көпірлер мен тұрбалар күнделікті диспетчерлік бақылауға алынған. Дистанция қызметкерлері барлық объектілерді қырағы бақылауда ұстап отыр,– дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаров.
Қосұйым Мұқашев, Атырау
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Новости
15.10.2026
Приоритеты транспортного сотрудничества стран ОЭС до 2035 года обсудили в Астане
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны