Тасқынға дайындық тастай

Жаңалықтар
13.03.2018, 17:18
Оқуға 3 мин
Атырау облысында 2015, 2016 жылдары екі жыл қатарынан апталап жауған нөсер жауыннан мыңдаған үйлер, авто, темір жолдарды су алып, жергілікті халық зардап шеккені белгілі. Соған орай өңірде жыл сайын сақтық шаралары алынуда.  Әрине, Атырауда қар көлемі биыл әдеттегіден аз түсті. Бүгінде ауа райының жылына бастауымен аз қар біртіндеп еріп те кетуде. Ақтөбе облысындағы өзендердің су бассейндерінде ылғалдану әдеттегіден 20-40 пайызға кем, ал Жайық өзенінің бастауында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары аумағында қардың көлемі жылдағыдан аз. Дегенмен, аймақ теміржолшылары қамсыз емес, көктемгі су тасқыны аймаққа еш зиянын салмай өте шығады екен деп қаннен-қаперсіз отыруға  болмайтынын олар жақсы біледі. Әсіресе, Құрманғазы, Исатай ауданында қауіп бар. Өйткені су бөгеттері – дамбалардың соңғысы 1994 жылы салынған. Ал аталған аудандарда Исатай, Аққыстау, Бекбике, Д.Нұрпейісова, Ганюшкино, Ақсарай, т.б. станция-разъездер бар. Шапқан аттан озып кететін су тасқыны келер болса, ол бекеттерге қауіп зор. Сондықтан, қала-аудандардағы арнаулы техникаларды, тасқынға қарсы тұрғызылған бөгеттерді жөндеу, елді мекендердің қауіпті аймақтарына топырақ, қапшық, жанар-жағармай жеткізу, темір жол бойын су тасқынынан сақтау ісіне тастүйін дайындық жасалған.  Мыалы, Атырау магистральдық желі бөлімшесі бойынша 2018 жылғы көктемгі сең тасқыны, өр, жаңбыр сулары ағысы кезінде жолдың, жол төсемінің және жасанды құрылыс кешендерінің сақталуы мен тұрақты жұмыс істеуін алдын ала ұйымдастыру барысындағы техникалық іс-шаралар өз деңгейінде орындалуда. Облыс аймағындағы темір жол торабы бойынша негізгі жолдың ұзындығы – 555,8 км. Бөлімшенің қызмет көрсету аралығында 56 көпір, 204 темірбетонды су құбырлары бар. Атырау облысы аумағында негізінен Жайық өзені өтеді, сондай-ақ Қиғаш, Жем, Ойыл өзендерінің де тасуы мүмкін жағдай, ауа райының жылуына байланысты мұз біртіндеп еріп жатыр. Каспий теңізі де бүйірде тиіп тұр. Биылғы жылы жауған қар көлемі жылдағыдан көп болмағанымен, су негізінен Ресейден ағыспен келетіндіктен, су тасқыны болуы қашан да мүмкін жағдай. Әсіресе Ресеймен шектес Қиғаш өзенінен қауіп бар. Соған орай, бүгінде бөлімше бойынша сақтық жұмыстары ұйымдастырылып, көктемгі су тасқыны жұмыстары үшін вагондармен келген жабдықтар бекітілген станцияларда тұр. Атырау облысы аймағына қарасты теміржол торабы бойынша су шайып кетуге қарсы 2 пойыз құрамы, 15 вагон жасақталған. Оның ішінде Ірілендірілген Атырау жол дистанциясы бойынша бір пойыз, 9 вагон Ганюшкино станциясына, 6 вагон Құлсары станциясына бекітілген. Атырау станциясы басында қазіргі уақытта құрал-жабдықтар, күрек, қайла, зембіл, құм салынған қапшықтар, т.б. тиелген 1 вагон және рельс пакеті, темірбетон шпалдар тиелген вагондар тұр, ал Ақжайық станциясында темірбетон шпалдар тиелген 2 вагон дайын тұр. Барлық вагондардың орналасу орындары – Ганюшкино мен Құлсары станциялары. Атырау, Құлсары жол дистанциялары бойынша су тасқынына қарсы барлық материалдар вагон-вагонымен келіп тұр, қандай жағдайға да әзір. Атырау, Ақтөбе жол тораптарын су тасқынынан қорғау жұмыстары бойынша тиелген хоппер-мөлшерлегіш вагондары, шағылтас станцияларға қойылуда. – Қазірде магистраль желісіне қарасты дистанциялардың жауапкершілігіндегі жасанды құрылыс нысандары,  көпірлер, темірбетонды тұрбалар, кюветтік су ағысы жыралары қардан, қоқыстан тазартылып, күнделікті күтіп-ұстау, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Су тасқыны кезінде шайып кету қаупі бар көпірлер мен тұрбалар күнделікті диспетчерлік бақылауға алынған. Дистанция қызметкерлері барлық объектілерді қырағы бақылауда ұстап отыр,– дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаров.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?