«Көктем – 2018» оқу-жаттығуы өтті

Новости
16.03.2018, 18:01
Қазір еліміздің барлық өңірлерінде су тасқынына қарсы шаралар өтіп жатыр. Соған сәйкес, 5-6 наурыз күндері Атырау теміржолшылары «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты.  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Атырау бөлімшесі филиалы мен Атырау магистральдық желі бөлімшесі бір кісідей атсалысқан шараға барлығы 306 адам мен 18 бірлік арнайы техника қатысты. Жүк тасымалы бөлімшесі бойынша Азаматтық қорғаныс штабы құрылды. Штаб бастығы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы-Атырау ЖТ бөлімшесі» АҚ бас инженері Бауыржан Картан мен «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» бас инженері С.Сейілханов барлық күштер мен құрылымдардың дайындығын мәлімдеді. Ганюшкино, Махамбет, Атырау, Ақжайық, Мақат, Сағыз, Құлсары станцияларында 38 құрылым жинақталып, оқу-жаттығуға дайын тұрды. Теміржол құрылымдарына 4 ситуациялық жағдай тапсырылды. Доссор-441 разъезі аралығында және Сағыз станциясында вагондардың аударылуы, теміржол көпірі мен Ақжайық станциясын су басу қаупі. Осы жағдайлардан шығу үшін Өрт сөндіру, Қалпына келтіру пойыздары, басқа да құрылымдар шұғыл әрекет етіп, жоғары дайындықтарын паш етті. Оқу-жаттығу жоспарға сай, ескертусіз өтті.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна