Әулеттің үшінші буыны
Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының қауіпсіздік жөніндегі бас маманы Нұрбол Жанділдаевтың теміржол бойындағы еңбек өтілі бар-жоғы төрт жыл. Бірақ атасы сүрлеу салып, әкесі жалғаған теміржолшы әулетінің бай тарихы тұрғанда өзін салаға кеше келген жан санамайды.
Жас теміржолшы еңбек жолын қара жұмыстан бастаған. Сосын Никельтау станциясында электрмонтер болып жұмыс істеді. Кейін Ақтөбедегі электрмен жабдықтау ауданында аға электрмонтер қызметін атқарды.
Шалқар ауданының Шоқысу станциясында теміржолшылар отбасында дүниеге келген Нұрболдың атасы сол Шоқысуда жол шебері болған, ал әкесі дефектоскоп машинасының операторы. «Атамнан тараған ұрпақ бүгінде Шалқарда, Оралда, Ақтөбеде еңбек етіп жатыр. Ал біз өзіміз отбасыда төрт баламыз. Екі әпкем бар. Інім де теміржолшы, бүгінде әкемнің қасында», – дейді ол.
Нұрбол орта мектепті бітірген жылы Ақтөбедегі Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде «электрик-механик» мамандығы бойынша білім алады. Оқу бітірген бойда Отан алдындағы әскери борышын өтеп келеді де, араға алты ай салып, болат жолдың бойындағы еңбек жолын бастап та кеткен.
«Бүгінде қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей жауапты қызметкермін. Біздің қарамағымызда жеті желілік аудан бар. Олар Ақтөбе, Шұбарқұдық, Әйтеке би, Орал, Қандыағаш, Никельтау және Қазақстан станцияларында орналасқан. Пойыздардың үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етілуін қадағалап отырамыз», – дейді Нұрбол Жанділдаев.
Жоспар құру, пысықтау, тексеру, қадағалау, т.т. қат-қабат жұмыстан бөлек, кабинетте отыруды жаны сүймейтін бас маман жол бойына жиі шығып, өндірісті аралағанды, кем-кетікті көзбен көріп, басында шешкенді дұрыс көреді екен.
«Отбасы, ағайын-туыстан бөлек жолдастарымның көбі бірге оқыған, қызметтес жігіттер теміржолшылар болғандықтан бізде кез келген басқосуда ортақ әңгімеміз – теміржолдағы жаңалықтар. Кейде өзімді тек теміржолшылардан тұратын мемлекетте өмір сүріп жатқандай сезінемін» деп әзілдейді жас маман.
Нұрбол Жанділдаев – екі баланың әкесі. Осы ақпан айының аяғында егіз ұлы Нұрислам мен Нұриман екі жасқа толады екен. Кім біледі, жас отбасында екі бірдей теміржолшы өсіп келе жатқан шығар...
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны