Көктемгі  байқау  қыр астында

Новости
03.04.2018, 13:54
2 мин чтения
Луговой – аймақтағы ірі түйіспелі станция. Жер қарайып, күн жылынғалы бері  станциялықтар алдағы көктемгі комиссиялық байқауға қызу дайындықты бастап та кеткен. Қыс айларында жиналған станция маңындағы күл-қоқыстар шығарылып, көктемгі сенбіліктер ұйымдастырылуда. Шекаралық станцияда пойыздарды өткізу жұмысы кестеге сай, қалыпты. Тәулігіне мұнда алты пойыз жасақталып, өткізіледі. Егерде жолаушылар пойызын қосар болсақ, онда жеті-сегіз пойызға дейін өтеді. Бүгінгі күні станцияда 92 адам еңбек етеді. – Станцияда негізінен көрші жатқан Қырғыз еліне пойыздар өтеді. Бүгінгі күні көршілермен ешқандай мәселе жоқ. Түсіністікпен жұмыс атқарудамыз. Тәулігіне көрші мемлекетке алты пойыз кірсе, олардан да сондай көлемде пойыз шығады. Сондай-ақ Қырғыз елінен аптасына келіп-кететін төрт жолаушылар пойызы бар. Әсіресе, жыл соңында жүк көлемі артқан сәтте мұнда жұмыс қызады. Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғауда да нақты шаралар қолға алынған, – деп ақпарат берген Луговой станциясының бастығы Тимур Кусановтың мәліметінше, мал мен жанның теміржол бойына шығып кетіп, қозғалысқа  нұқсан келтіруі мұнда да басты «бас ауру» екен. Халықты сақтандыру, ескерту жасау бойынша жергілікті әкімдікпен, желілік ішкі істер басқармасымен бірге теміржолшылар ұдайы  жұмыс жүргізіп келеді екен. Ай сайын станцияда бір рет тиісті құрылымдар бас қосып, проблемалы тұстар сөз болып, нәтиже талқыланады, шаралар алынады екен.  – Қазіргі күні біздің тарапымыздан теміржолдың бойын қоршау шараларын жүргізу бойынша жауапты мекемелерге хат жазылып, сұраныс та жасалып отыр. Станция үлкен. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын жоғары деңгейде жүргізуде барлық мүмкіндігімізді пайдаланып отырсақ та, үлкен күш керек. Дегенмен, биылдыққа келеңсіз оқиға орын алған жоқ, станцияда орналасқан  өзге де теміржол мекемелерімен тығыз жұмыс жүргізудің арқасында қауіпсіздікті толық қамтамасыз етіп отырмыз, – дейді станция бастығы.

Арсен Байзақ, Луговой

Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны