Көктемгі байқау қыр астында
Луговой – аймақтағы ірі түйіспелі станция. Жер қарайып, күн жылынғалы бері станциялықтар алдағы көктемгі комиссиялық байқауға қызу дайындықты бастап та кеткен.
Қыс айларында жиналған станция маңындағы күл-қоқыстар шығарылып, көктемгі сенбіліктер ұйымдастырылуда. Шекаралық станцияда пойыздарды өткізу жұмысы кестеге сай, қалыпты. Тәулігіне мұнда алты пойыз жасақталып, өткізіледі. Егерде жолаушылар пойызын қосар болсақ, онда жеті-сегіз пойызға дейін өтеді. Бүгінгі күні станцияда 92 адам еңбек етеді.
– Станцияда негізінен көрші жатқан Қырғыз еліне пойыздар өтеді. Бүгінгі күні көршілермен ешқандай мәселе жоқ. Түсіністікпен жұмыс атқарудамыз. Тәулігіне көрші мемлекетке алты пойыз кірсе, олардан да сондай көлемде пойыз шығады. Сондай-ақ Қырғыз елінен аптасына келіп-кететін төрт жолаушылар пойызы бар. Әсіресе, жыл соңында жүк көлемі артқан сәтте мұнда жұмыс қызады. Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғауда да нақты шаралар қолға алынған, – деп ақпарат берген Луговой станциясының бастығы Тимур Кусановтың мәліметінше, мал мен жанның теміржол бойына шығып кетіп, қозғалысқа нұқсан келтіруі мұнда да басты «бас ауру» екен.
Халықты сақтандыру, ескерту жасау бойынша жергілікті әкімдікпен, желілік ішкі істер басқармасымен бірге теміржолшылар ұдайы жұмыс жүргізіп келеді екен. Ай сайын станцияда бір рет тиісті құрылымдар бас қосып, проблемалы тұстар сөз болып, нәтиже талқыланады, шаралар алынады екен.
– Қазіргі күні біздің тарапымыздан теміржолдың бойын қоршау шараларын жүргізу бойынша жауапты мекемелерге хат жазылып, сұраныс та жасалып отыр. Станция үлкен. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын жоғары деңгейде жүргізуде барлық мүмкіндігімізді пайдаланып отырсақ та, үлкен күш керек. Дегенмен, биылдыққа келеңсіз оқиға орын алған жоқ, станцияда орналасқан өзге де теміржол мекемелерімен тығыз жұмыс жүргізудің арқасында қауіпсіздікті толық қамтамасыз етіп отырмыз, – дейді станция бастығы.
Арсен Байзақ, Луговой
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?