Өндірісте өткен дәріс
Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты ПЧ-39 мекемесінде жергілікті Электротехникалық колледж студенттеріне арналып дәріс өткізілді. Болашақ теміржолшылар үшін баты тақырып – теміржолдың ең маңызды жол шаруашылығымен танысып, қозғалыс қауіпсіздігін көкейге түю болды.
Шәкірттерді байырғы теміржолшы, бөлімшенің бас инженері қызметін атқарған, бүгінде колледж тәлімгері Айтқазы Махадиев бастап әкелді. Әуелгі кезекте жастар техникалық дәрісханада танымдық бейнефильм арқылы еңбекті қорғау тақырыбымен кеңінен танысып, станция басындағы қауіпсіздік шараларына қанықты. Сонымен қатар, пойыз құрастырушыларының атқаратын қызметі мен жұмыс барысында жиі жіберетін қателіктері жайлы да мағлұматтарға қанықты.
Сондай-ақ, мекемедегі диспетчерлік орталықта болып, күнделікті жұмыс ырғағына қанықты. Қызықтырған сауалдарын қойды.
Осыдан соң Семей жол дистанциясының сынақ алаңына шығып, келесі дәріске көшті. Бұл ретте теміржолдағы бағыттамалы бұрмалар құрылымы мен жиі орын алатын 8 ақаулық туралы өндірістік оқыту шебері Әбуғали Байғалиев кеңінен түсіндіріп берді. Дәріс барысында жолшылар мен қозғалысшылар арасындағы қызметтік байланыс, жалпы теміржолшылар жауапкершілігі жайлы да сөз болды. Сонымен қатар, студенттер де рельс бөлшектері, жол бөліктері жайында колледж қабырғасындағы сабақ барысында өтілген тақырыптарды естеріне түсіріп, «үй тапсырмаларын» да айтып берді.
Кітаптан оқу бір бөлек, жұмыс орнында болып, үдеріс барысымен танысу басқаша. Болашақ теміржолшылар аталмыш сала қызметкерлерінің жұмысына ерекше қызығушылық танытатындықтарын байқатты.
Қуаныш Қожаев, Семей
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны