Өндірісте өткен дәріс

Жаңалықтар
03.04.2018, 14:27
Оқуға 2 мин
Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты ПЧ-39 мекемесінде жергілікті Электротехникалық колледж студенттеріне арналып дәріс өткізілді. Болашақ теміржолшылар үшін баты тақырып – теміржолдың ең маңызды жол шаруашылығымен танысып, қозғалыс қауіпсіздігін көкейге түю болды.    Шәкірттерді байырғы теміржолшы, бөлімшенің бас инженері қызметін атқарған, бүгінде колледж тәлімгері Айтқазы Махадиев бастап әкелді. Әуелгі кезекте жастар техникалық дәрісханада танымдық бейнефильм арқылы еңбекті қорғау тақырыбымен кеңінен танысып, станция басындағы қауіпсіздік шараларына қанықты. Сонымен қатар, пойыз құрастырушыларының атқаратын қызметі мен жұмыс барысында жиі жіберетін қателіктері жайлы да мағлұматтарға қанықты. Сондай-ақ, мекемедегі диспетчерлік орталықта болып, күнделікті жұмыс ырғағына қанықты. Қызықтырған сауалдарын қойды. Осыдан соң Семей жол дистанциясының сынақ алаңына шығып, келесі дәріске көшті. Бұл ретте теміржолдағы бағыттамалы бұрмалар құрылымы мен жиі орын алатын 8 ақаулық туралы өндірістік оқыту шебері Әбуғали Байғалиев кеңінен түсіндіріп берді. Дәріс барысында жолшылар мен қозғалысшылар арасындағы қызметтік байланыс, жалпы теміржолшылар жауапкершілігі жайлы да сөз болды. Сонымен қатар, студенттер де рельс бөлшектері, жол бөліктері жайында колледж қабырғасындағы сабақ барысында өтілген тақырыптарды естеріне түсіріп, «үй тапсырмаларын» да айтып берді.   Кітаптан оқу бір бөлек, жұмыс орнында болып, үдеріс барысымен танысу басқаша. Болашақ теміржолшылар аталмыш сала қызметкерлерінің жұмысына ерекше қызығушылық танытатындықтарын байқатты.

Қуаныш Қожаев, Семей

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?