Күрделі жөндеу: техника мен адам күші жұмылғанда
Қызылорда бөлімшесінің Тереңөзек-Қараөзек станциялары арасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жолдың күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан бұған дейін Жол жөндеуші атауымен аймаққа танылған Интегра констракшн КЗ (Integra Construction KZ) компаниясының «Батыс» дирекциясы филиалы.
Тереңөзек-Қараөзек телімі аралығында күрделі жөндеу жұмыстары наурыз айының екінші онкүндігінде басталған болатын. Интегра констракшн КЗ мекемесінің «Батыс» дирекциясы бастығының орынбасары Айдарбек Әбілдаевтың берген мәліметі бойынша бүгінгі күнге дейін аталған телімнің 7,618 шақырымына жаңа рельс төселген. Жол төсемі тығыздалып рельс тізбектері төселгеннен кейінгі жұмысқа ауыр жол машиналары жегіліп, барлық жұмыс жоспарға сай жүргізілуде екен.
Күрделі жөндеу жұмысының барысын көзбен көріп танысып қайту үшін бөлімшенің жол шаруашылығы ревизоры Бегей Құлахметпен бірге барғанымызда, көктемгі құбылмалы ауа райына қарамастан жұмыс жасап жатқан жол салушыларға жолықтық. Қызыл ала жилет киіп, бет ауыздарын желден қорғану үшін тұмшалап алған жол салушылар бүгінге берілген алты сағаттық толаскезді тиімді падалану үшін түскі үзілісті жиыстырып қойып жұмысқа кіріскен. Жол салушылардың бір тобы жол төсеміне салынған рельс тізбектерін түзетіп ретке келтіріп, рельс астына тастарды тығыздап ұрғылап, айналаны шаңға қаптырып жұмыс жасап жатқан ВПО-3000 жол машинасының айналасында жүрсе, екінші бір тобы қайла, күрек ұстап жеңіл-желпі шаруаларын жүргізіп жатса, енді бір тобы қолдарына шаблондарын алып рельсті өлшеп, бормен қажетті цифрларды бірде қойын дәптерлеріне, біресе бормен рельске жазып өлшем жасауда. Олар жол машинасы өткен аумақтарды қайта тексеріп, бақылау жасауда . Себебі ВПО-3000 машинасы бір рет рельс үстімен жүріп өткенде кейбір олқылықтар көзге ілінбей қалуы мүмкін көрінеді, сондықтан жолшылардың тәжірибесіне қарай машина бір жүрген жолды кемі екі-үш мәрте жүріп өтіп, тексереді екен. Және де техниканың дәлдігін «жолшының көзімен қарау», салыстыру да жолшылардың тәжірибесі секілді. Мұның бәрі айналып келгенде жолдың техникалық талапқа сай болуына жұмыс жасау екен.
Жол төсемі тығыздалып, 25 метрлік рельс төселгеннен кейінгі жұмыс кезінде рельс шпалының астына 40-50 сантиметр қиыршық тас нығыздалып енгізіледі. Тастың нығыздалып салынуы да маңызды. Одан кейінгі ауыр жол машиналары жұмысы кезіндегі жолды өлшеу, тексеру, бақылау жұмыстары да техпроцесс талабына сай жасалуы тиіс .
– Күрделі жөндеу жұмысында жолға 25 метрлік рельс тізбектері төселгеннен кейін жол төсемінің әрбір қабатын нығыздап, төселген қиыршық тастарды қайта тығыздап, түзулейтін ВПО-3000 кешенді жол машинасының жұмысы өнімді болып тұр. Машина жүріп өткеннен кейін рельстің түзулігін қызметкерлеріміз шаблонның көмегімен қайта тексереді, әрине жол жаңадан төселгендіктен ВПО-3000 машинасы бір рет жүріп өткенде жолдың техталапқа сай бола қоюы екіталай, сондықтан машинаны кемінде екі-үш мәрте жол бойымен жүргізіп әбден қалыпқа келгенше жұмыс жасаймыз. Яғни жол табаны нұсқаулыққа сәйкес болғанда ғана машина жұмысы аяқталады. Сосын ғана бұл жолмен алдымен сағатына 25 км жылдамдықпен пойыздар өткізіледі де, өзгеріс болмаған жағдайда жылдамдық сағатына 40 шақырымға көтеріледі, – дейді күрделі жөндеу жұмыстарын бақылап тексеру жұмыстарын жасап жүрген бөлімшенің жол шаруашылығы ревизоры Бегей Құлахмет.
Бұл телімдегі екі жолдың біреуіне күрделі жөндеу жұмысы басталғалы қауіпсіздік шараларына орай екінші жолда жылдамдық сағатына 50 шақырымға төмендетілген екен. Жөндеу жүріп жатқан телімнің екі басында тұрған екі адам пойыз жақындағанда қолдарындағы рация арқылы хабар беріп тұр, жұмыс бәсеңдетіледі немесе жылжымалы құрам өтіп кеткенше доғарылады. Толаскез уақытының шектеулі екеніне байланысты екінші жолмен пойыз өтіп кеткен бойда жолшылар құрал-саймандарына жармасып тоқтаған жерден ісін жалғастырып жатыр.
Бүгінгі толаскез барысында жоспар бойынша 7,618 км аумақтағы төселген жаңа рельс төсемдері арасына Хоппер дозаторлы вагонымен салынған ХДВ қиыршық тасын нығыздап бекіту, электрбалластаушы ЭЛБ машинасының жұмысынан кейінгі ВПО-3000 жол машинасы арқылы рельстердің бір тегістігін анықтап түзету, төсем қабатын түйіп тығыздау жұмыстары жасалып жатыр.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Тереңөзек станциясы
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны