Күрделі жөндеу: техника мен адам күші жұмылғанда 

Жаңалықтар
13.04.2018, 11:55
Қызылорда  бөлімшесінің Тереңөзек-Қараөзек станциялары арасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жолдың күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан бұған дейін Жол жөндеуші атауымен аймаққа танылған Интегра констракшн КЗ (Integra Construction KZ) компаниясының «Батыс» дирекциясы филиалы. Тереңөзек-Қараөзек телімі аралығында күрделі жөндеу жұмыстары наурыз айының екінші онкүндігінде басталған болатын. Интегра констракшн КЗ мекемесінің «Батыс» дирекциясы бастығының орынбасары Айдарбек Әбілдаевтың берген мәліметі бойынша бүгінгі күнге дейін аталған телімнің 7,618 шақырымына жаңа рельс төселген. Жол төсемі тығыздалып рельс тізбектері төселгеннен кейінгі жұмысқа ауыр жол машиналары жегіліп, барлық жұмыс жоспарға сай жүргізілуде екен. Күрделі жөндеу жұмысының барысын көзбен көріп танысып қайту үшін  бөлімшенің жол шаруашылығы ревизоры Бегей Құлахметпен бірге барғанымызда, көктемгі құбылмалы ауа райына қарамастан жұмыс жасап жатқан жол салушыларға жолықтық. Қызыл ала жилет киіп, бет ауыздарын желден қорғану үшін тұмшалап алған жол салушылар бүгінге берілген алты сағаттық толаскезді тиімді падалану үшін түскі үзілісті жиыстырып қойып жұмысқа кіріскен.  Жол салушылардың бір тобы жол төсеміне салынған рельс тізбектерін түзетіп ретке келтіріп, рельс астына тастарды тығыздап ұрғылап, айналаны шаңға қаптырып жұмыс жасап жатқан ВПО-3000 жол машинасының айналасында жүрсе, екінші бір тобы қайла, күрек ұстап жеңіл-желпі шаруаларын жүргізіп жатса,  енді бір тобы қолдарына шаблондарын алып рельсті өлшеп, бормен қажетті цифрларды бірде қойын дәптерлеріне, біресе бормен рельске жазып өлшем жасауда. Олар жол машинасы өткен аумақтарды қайта тексеріп, бақылау жасауда . Себебі ВПО-3000 машинасы бір рет рельс үстімен жүріп өткенде кейбір олқылықтар көзге ілінбей қалуы мүмкін көрінеді, сондықтан жолшылардың тәжірибесіне қарай машина бір жүрген жолды кемі екі-үш мәрте жүріп өтіп, тексереді екен. Және де техниканың дәлдігін «жолшының көзімен қарау», салыстыру да жолшылардың тәжірибесі секілді. Мұның бәрі айналып келгенде жолдың техникалық талапқа сай болуына жұмыс жасау екен. Жол төсемі тығыздалып, 25 метрлік рельс төселгеннен кейінгі жұмыс кезінде рельс шпалының астына  40-50 сантиметр қиыршық тас нығыздалып енгізіледі. Тастың нығыздалып салынуы да маңызды. Одан кейінгі ауыр жол машиналары жұмысы кезіндегі жолды өлшеу, тексеру, бақылау жұмыстары да техпроцесс талабына сай жасалуы тиіс . – Күрделі жөндеу жұмысында жолға 25 метрлік рельс тізбектері төселгеннен кейін жол төсемінің әрбір қабатын нығыздап, төселген қиыршық тастарды қайта тығыздап, түзулейтін ВПО-3000 кешенді жол машинасының жұмысы өнімді болып тұр. Машина жүріп өткеннен кейін рельстің түзулігін қызметкерлеріміз  шаблонның көмегімен қайта тексереді, әрине жол жаңадан төселгендіктен ВПО-3000 машинасы бір рет жүріп өткенде жолдың техталапқа сай бола қоюы екіталай, сондықтан машинаны кемінде екі-үш мәрте жол бойымен жүргізіп әбден қалыпқа келгенше жұмыс жасаймыз. Яғни жол табаны нұсқаулыққа сәйкес болғанда ғана машина жұмысы аяқталады. Сосын ғана бұл жолмен алдымен сағатына 25 км жылдамдықпен пойыздар өткізіледі де, өзгеріс болмаған жағдайда жылдамдық сағатына 40 шақырымға көтеріледі, – дейді күрделі жөндеу жұмыстарын бақылап тексеру жұмыстарын жасап жүрген бөлімшенің жол шаруашылығы ревизоры Бегей Құлахмет. Бұл телімдегі екі жолдың біреуіне күрделі жөндеу жұмысы басталғалы қауіпсіздік шараларына орай екінші жолда жылдамдық сағатына 50 шақырымға төмендетілген екен. Жөндеу жүріп жатқан телімнің екі басында тұрған екі адам пойыз жақындағанда қолдарындағы рация арқылы хабар беріп тұр, жұмыс бәсеңдетіледі немесе жылжымалы құрам өтіп кеткенше доғарылады. Толаскез уақытының шектеулі екеніне байланысты екінші жолмен пойыз өтіп кеткен бойда жолшылар құрал-саймандарына жармасып тоқтаған жерден ісін жалғастырып жатыр.  Бүгінгі толаскез барысында жоспар бойынша 7,618 км аумақтағы төселген жаңа рельс төсемдері арасына Хоппер дозаторлы вагонымен салынған ХДВ қиыршық тасын нығыздап бекіту, электрбалластаушы ЭЛБ машинасының жұмысынан кейінгі ВПО-3000 жол машинасы арқылы рельстердің бір тегістігін анықтап түзету, төсем қабатын түйіп тығыздау жұмыстары жасалып жатыр.   

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Тереңөзек станциясы

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл