Бірі – бәрі үшін,  бәрі – бірі үшін...

Новости
27.04.2018, 16:10
   Бірнеше ұлтты біріктіретін жолшылар бригадасымен таныса келе,  бұл «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып еңбек ететін өте ұйымшыл ұжым екеніне көз жеткіздік. Астана ірілендірілген жол дистанциясының 2-жол колоннасына қарасты аталмыш бригаданы басқаратын Серік Жүсіпбеков сайдың тасындай іріктелген жігіттерімен мақтанатынын жеткізді.   – Теміржол деген аса қауіпті аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Астана торабымен қосқанда, Астана-Жайнақ, Астана-Қырқыншы станциялары мен Астана-№39 бекет аралығындағы жолдың күтіміне жауапты болып колоннадағы 6 бригада бөлінген. Қазіргі таңда біз Астана-Жайнақ телімі бойынша 805 км жолдың ескі ағаш шпалдарын жаңалап жатырмыз. Ұжымда ауызбіршілік – бәрінен жоғары. «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранмен жұмыс істейміз. Жігіттердің қай-қайсысы болмасын өз кәсібін білетін азаматтар. Сонда да бір-біріне көмектесу, қарайласу – біздің жігіттер арасында жазылмаған заңдылық. Бұл тек жұмысқа қатысты емес, әлеуметтік мәселеге де байланысты. Ұлттық мереке, ресми мейрамдарды бірнеше ұлт өкілдерінен құралған ұжым бірге атап өтіп, бір-бірінің дәстүрі мен ұстанымына құрметпен қарайды, – дейді колонна бастығы Серік Жүсіпбеков.        Айтса айтқандай, бірнеше ұлттан құралған бригадада 35 жылдық еңбек өтілі бар Владимир Вильковский поляк болса, Кудбидин Мутихов – 15 жылдық тәжірибесі бар тәжік ұлтының өкілі, Валерий Щукиннің ұлты неміс, ал Николай Горбунов және Сергей Григориев сынды азаматтар орыс ұлтының өкілдері екен. Бұлардың қатарында, әрине, 15-20 жылдық тәжірибесімен танылған, өз істерінің білгірлері Марат Әубәкіров, Жолдасбай Тәжмиев сынды қазақ азаматтары да бар. Жолшылар бригадасы алдағы жаз маусымына сақадай сай дайын. Жаз пен күзде олар бағыттама бұрмаларын ауыстыру кезінде сол бұрмалар астындағы ағаш шпалдарды темір-бетонға ауыстыру жұмыстарын жүргізеді. Колонна биылғы көктемгі комиссиялық байқаудан да жақсы көрсеткіштермен өтіпті.  Жолшылар ұжымының ең үлкенінің жұмыс тәжірибесі 30 жылдан асқан болса,  2-3 жылдық еңбек өтілі бар жастардың аға буыннан үйренері көп. Сондықтан оларды көптен келе жатқан кәнігі жолшылардың «тәрбиесіне» беретін де дәстүр бар екен бұл ұжымда. Жыл он екі айдың кез келген маусымында жол бойында,  ашық аспан астында еңбек ететін олар, ең бастысы, отбасын адал еңбекпен асырап отырғандарын мақтан тұтады. Сол арқылы отандық теміржолдың дамуына үлестерін қосуда.

Райхан РАХМЕТОВА

Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы