Бірі – бәрі үшін, бәрі – бірі үшін...
Жаңалықтар
27.04.2018, 16:10
Бірнеше ұлтты біріктіретін жолшылар бригадасымен таныса келе, бұл «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып еңбек ететін өте ұйымшыл ұжым екеніне көз жеткіздік.
Астана ірілендірілген жол дистанциясының 2-жол колоннасына қарасты аталмыш бригаданы басқаратын Серік Жүсіпбеков сайдың тасындай іріктелген жігіттерімен мақтанатынын жеткізді.
– Теміржол деген аса қауіпті аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Астана торабымен қосқанда, Астана-Жайнақ, Астана-Қырқыншы станциялары мен Астана-№39 бекет аралығындағы жолдың күтіміне жауапты болып колоннадағы 6 бригада бөлінген. Қазіргі таңда біз Астана-Жайнақ телімі бойынша 805 км жолдың ескі ағаш шпалдарын жаңалап жатырмыз. Ұжымда ауызбіршілік – бәрінен жоғары. «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранмен жұмыс істейміз. Жігіттердің қай-қайсысы болмасын өз кәсібін білетін азаматтар. Сонда да бір-біріне көмектесу, қарайласу – біздің жігіттер арасында жазылмаған заңдылық. Бұл тек жұмысқа қатысты емес, әлеуметтік мәселеге де байланысты. Ұлттық мереке, ресми мейрамдарды бірнеше ұлт өкілдерінен құралған ұжым бірге атап өтіп, бір-бірінің дәстүрі мен ұстанымына құрметпен қарайды, – дейді колонна бастығы Серік Жүсіпбеков.
Айтса айтқандай, бірнеше ұлттан құралған бригадада 35 жылдық еңбек өтілі бар Владимир Вильковский поляк болса, Кудбидин Мутихов – 15 жылдық тәжірибесі бар тәжік ұлтының өкілі, Валерий Щукиннің ұлты неміс, ал Николай Горбунов және Сергей Григориев сынды азаматтар орыс ұлтының өкілдері екен. Бұлардың қатарында, әрине, 15-20 жылдық тәжірибесімен танылған, өз істерінің білгірлері Марат Әубәкіров, Жолдасбай Тәжмиев сынды қазақ азаматтары да бар.
Жолшылар бригадасы алдағы жаз маусымына сақадай сай дайын. Жаз пен күзде олар бағыттама бұрмаларын ауыстыру кезінде сол бұрмалар астындағы ағаш шпалдарды темір-бетонға ауыстыру жұмыстарын жүргізеді. Колонна биылғы көктемгі комиссиялық байқаудан да жақсы көрсеткіштермен өтіпті.
Жолшылар ұжымының ең үлкенінің жұмыс тәжірибесі 30 жылдан асқан болса, 2-3 жылдық еңбек өтілі бар жастардың аға буыннан үйренері көп. Сондықтан оларды көптен келе жатқан кәнігі жолшылардың «тәрбиесіне» беретін де дәстүр бар екен бұл ұжымда. Жыл он екі айдың кез келген маусымында жол бойында, ашық аспан астында еңбек ететін олар, ең бастысы, отбасын адал еңбекпен асырап отырғандарын мақтан тұтады. Сол арқылы отандық теміржолдың дамуына үлестерін қосуда.
Райхан РАХМЕТОВА
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл