Тарихқа айналған теміржол    

Новости
27.04.2018, 16:51
Осыдан тура он бес жыл бұрын ел арасында Тәуелсіздік темір жолы деген атпен қалған  Хромтау-Алтынсарин теміржолының құрылысы басталған еді. Тек өңір үшін ғана емес, бүкіл қазақ елі үшін экономикалық және әлеуметтік маңызды жоба Ақсу – Дегелеңді айтпағанда Қазақстанның  бастан-аяқ құрылысын өзі жүргізген дербес  теміржол телімі еді. Бүгін арада талай жыл өткенде Ұлттық теміржол көлігінің маңызды буынын құрап отырған алып магистральдың жүзеге асырылу барысы туралы айтылып жатқан естеліктер көп. Ұлы құрылыстың басы-қасында жүрген Тыныштықбай Әуесбай ақсақал үшін бұл екі жыл – тоқтаусыз төгілген маңдай тер, табан ақы өтеуі ғана емес, ең алдымен орындалған арман. 2003 жылы қаңтар айында жаңадан құрылып жатқан «Желдорстрой» АҚ-ның  Хромтау филиалына директор болып тағайындалған құрылысшы ағамыз алып жобаны жүргізу бақытына ие болғандар қатарында болғанын өзіне деген тағдырдың сыйы деп санайды. – Өмір бойы жол салып келе жатқан мен кешегі кеңестік заманда орталықтан жеткен дайын смета, дайын жоба, сызылып қойған үлгі бойынша құрылысты жүргіздік. Ал енді өз елімізде, жобасын өзіміз сызып, материалын өзіміз тауып, өзіміз таңдап, тасын өзіміз қалап дегендей жол саламыз деп ойлаппыз ба? Бұл іште жатқан арман болатын. Сондықтан кеше ғана тәуелсіздігін алған елдің мың км теміржол салу туралы жобасының өзі ғаламат батылдық болатын. Біз осы  батыл идеяны үлкен шеберлікпен жүзеге асырғанымызды мақтан етеміз, – дейді қарт құрылысшы.  Алып жоба құрылысы екі жыл тоқтаусыз жүрді. Жұмыс барысында қызық та, қиындық та аз болмағанға құсайды. Алғашқы кезде құжаттарын әзірлеу, рұқсатнамалар алу секілді қағазбасты жұмыстардың өзі біраз кедергі келтіріп, қол байлағаны да жасырын емес, себебі бұрын-соңды жол салуда тәжірибесі аз ел үшін бәрін нөлден бастау қажет болған көрінеді.  Жер-жерде құрылыс алаңдары пайда болып, жұмысшылар мен техникалар легі станция бойларына жайғаса бастағанда ғана құрылыстың басталғанын сезінгенін айтады Тыныштықбай аға.  «Жалпы, біз салған жолдың ұзындығы 505 км құрады. Кей жерлерде ойықтар болды, кей жерге құбыр, кей жерге көпір салдық. Ор өзенінің үстінен 105 метрлік көпір өткіздік. Сол кездегі көлік министрінің өзі қатаң қадағалап отырды. Ай сайын Астанадан арнайы делегация келіп, қарап кететін», – деп еске алады Тыныштықбай ақсақал. Хромтау-Алтынсарин теміржолы 2004 жылы қараша айында қолданысқа берілді. Салтанатты шара Әйке станциясында өтті. Оған Елбасының өзі келіп қатысып,  сақылдаған сары аязда станцияда қоңырау соғылып, алғашқы пойыз құрамы жолға шыққаны дүйім жұрттың есінде.  «Жұмыс қарқынды жүріп жатты. Коммуникациялар тартылды. Байланыс және белгі беру жабдықтарымен қамтылды, вокзал, тағы басқа қажетті нысандар бой көтерді. Солай-солай, «көш жүре түзеледі» демекші, аз жылда барлық кем-кетігі толығып, инфрақұрылымы жетіліп, ұлан-ғайыр қазақ даласының о шеті мен бұ шетін жалғайтын алып теміржол тармағы пайда болды, міне бүгінгі таңда ол ең алдымен қалың елге қызмет етіп тұр», – дейді кейіпкеріміз. Бүгінде қарт құрылысшы осы жолға қарап, бойын мақтаныш сезімі кернейтінін жасырмайды. Бұрын Елордаға жету үшін Ақтөбе халқы Ресей аумағын кесіп өтіп, талай тексерістен өтіп баратын. Бүгінде, төте жолға қоса жүрдек пойызбен көзді ашып-жұмғанша жетіп барады. Мақтаныш етпейтін жетістік пе?!   Қарт теміржолшының жол салуы мұнымен аяқталмады. ҚТЖ басшылығы «Құрмет» орденді тәжірибелі теміржолшыға Өзен-Түркіменстан теміржол құрылысына да бас-көз болуды сеніп тапсырғаны белгілі.   

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы