Тарихқа айналған теміржол
Жаңалықтар
27.04.2018, 16:51
Осыдан тура он бес жыл бұрын ел арасында Тәуелсіздік темір жолы деген атпен қалған Хромтау-Алтынсарин теміржолының құрылысы басталған еді. Тек өңір үшін ғана емес, бүкіл қазақ елі үшін экономикалық және әлеуметтік маңызды жоба Ақсу – Дегелеңді айтпағанда Қазақстанның бастан-аяқ құрылысын өзі жүргізген дербес теміржол телімі еді.
Бүгін арада талай жыл өткенде Ұлттық теміржол көлігінің маңызды буынын құрап отырған алып магистральдың жүзеге асырылу барысы туралы айтылып жатқан естеліктер көп. Ұлы құрылыстың басы-қасында жүрген Тыныштықбай Әуесбай ақсақал үшін бұл екі жыл – тоқтаусыз төгілген маңдай тер, табан ақы өтеуі ғана емес, ең алдымен орындалған арман. 2003 жылы қаңтар айында жаңадан құрылып жатқан «Желдорстрой» АҚ-ның Хромтау филиалына директор болып тағайындалған құрылысшы ағамыз алып жобаны жүргізу бақытына ие болғандар қатарында болғанын өзіне деген тағдырдың сыйы деп санайды.
– Өмір бойы жол салып келе жатқан мен кешегі кеңестік заманда орталықтан жеткен дайын смета, дайын жоба, сызылып қойған үлгі бойынша құрылысты жүргіздік. Ал енді өз елімізде, жобасын өзіміз сызып, материалын өзіміз тауып, өзіміз таңдап, тасын өзіміз қалап дегендей жол саламыз деп ойлаппыз ба? Бұл іште жатқан арман болатын. Сондықтан кеше ғана тәуелсіздігін алған елдің мың км теміржол салу туралы жобасының өзі ғаламат батылдық болатын. Біз осы батыл идеяны үлкен шеберлікпен жүзеге асырғанымызды мақтан етеміз, – дейді қарт құрылысшы.
Алып жоба құрылысы екі жыл тоқтаусыз жүрді. Жұмыс барысында қызық та, қиындық та аз болмағанға құсайды. Алғашқы кезде құжаттарын әзірлеу, рұқсатнамалар алу секілді қағазбасты жұмыстардың өзі біраз кедергі келтіріп, қол байлағаны да жасырын емес, себебі бұрын-соңды жол салуда тәжірибесі аз ел үшін бәрін нөлден бастау қажет болған көрінеді. Жер-жерде құрылыс алаңдары пайда болып, жұмысшылар мен техникалар легі станция бойларына жайғаса бастағанда ғана құрылыстың басталғанын сезінгенін айтады Тыныштықбай аға.
«Жалпы, біз салған жолдың ұзындығы 505 км құрады. Кей жерлерде ойықтар болды, кей жерге құбыр, кей жерге көпір салдық. Ор өзенінің үстінен 105 метрлік көпір өткіздік. Сол кездегі көлік министрінің өзі қатаң қадағалап отырды. Ай сайын Астанадан арнайы делегация келіп, қарап кететін», – деп еске алады Тыныштықбай ақсақал.
Хромтау-Алтынсарин теміржолы 2004 жылы қараша айында қолданысқа берілді. Салтанатты шара Әйке станциясында өтті. Оған Елбасының өзі келіп қатысып, сақылдаған сары аязда станцияда қоңырау соғылып, алғашқы пойыз құрамы жолға шыққаны дүйім жұрттың есінде.
«Жұмыс қарқынды жүріп жатты. Коммуникациялар тартылды. Байланыс және белгі беру жабдықтарымен қамтылды, вокзал, тағы басқа қажетті нысандар бой көтерді. Солай-солай, «көш жүре түзеледі» демекші, аз жылда барлық кем-кетігі толығып, инфрақұрылымы жетіліп, ұлан-ғайыр қазақ даласының о шеті мен бұ шетін жалғайтын алып теміржол тармағы пайда болды, міне бүгінгі таңда ол ең алдымен қалың елге қызмет етіп тұр», – дейді кейіпкеріміз.
Бүгінде қарт құрылысшы осы жолға қарап, бойын мақтаныш сезімі кернейтінін жасырмайды. Бұрын Елордаға жету үшін Ақтөбе халқы Ресей аумағын кесіп өтіп, талай тексерістен өтіп баратын. Бүгінде, төте жолға қоса жүрдек пойызбен көзді ашып-жұмғанша жетіп барады. Мақтаныш етпейтін жетістік пе?!
Қарт теміржолшының жол салуы мұнымен аяқталмады. ҚТЖ басшылығы «Құрмет» орденді тәжірибелі теміржолшыға Өзен-Түркіменстан теміржол құрылысына да бас-көз болуды сеніп тапсырғаны белгілі.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл