Жүзағаштың жүгі ауыр
Новости
15.05.2018, 15:56
Теміржол желісінің ел шығысы мен Алматы облысын қосар тұсында орын тепкен бесінші класты Жүзағаш станциясындағы қызмет маусымдық жағдайға байланысты қарқын ала бастады.
Оның басты себебі, іргедегі, төрт бағытта жұмыс істейтін Ақтоғай станциясында пойыздарды қабылдап алу, жөнелту шаралары күрделеніп, жүк тасымалдайтын жылжымалы құрамдар қозғалысы жиілей түскен.
Жүзағаш станциясының бастығы Мұратқазы Оралбаев үшін аптаның алғашқы жұмыс күні әдеттегіден қауырт өтеді. Өйткені, бұл күн белгіленген тәртіп бойынша «Станция бастығының күні». Сондықтан да, тексеру шаралары қалыптасқан дағды бойынша таңертеңгісін бағыттама басынан басталады. Бұл ретте білікті басшы Мұратқазы Бүркітбайұлы тым талапшыл. Жанына жолшылар бригадирі мен электромеханикті ертіп алып, қадағалау шараларына қарқынмен кіріседі. Желіге тиесілі жол бойы мен СЦБ құрылғылары, бағыттамалы бұрмалар, байланыс желілері түгелдей дерлік назардан тыс қалмайды. Мұндайда, бір ғана осынау Жүзағаштағы 35 жыл бойы қалыптасқан мол тәжірибе, мұқияттылық пен табиғи байқағыштық станция бастығы үшін көмекке келеді. Осынау байырғы станциядағы теміржолшылардың барлығы да былайғы уақыттарда әзілдері жарасқан әріптестер болғанымен қызмет барысында достық жүрмейді. Станция бастығы кінәрат жібергендерге қатал. Қолтығына қыстырған «ДУ-46» журналына табылған ақаулықтарды тіркеп жазып, оны қалпына келтіру мерзімін де белгілеп қояды. Бір бұл емес, әрине, қорытынды хаттама да толтырады. Бүгінгі тексеру барысы ешқандай ақаулық жоқ екендігін көрсетіп берді.
Дәл осы станцияда туып-өсіп, ғұмыр бойы табан аудармай еңбек етіп келе жатқандықтан болар, станция бастығы мұндағы теміржолға тиесілі нысандардың барлығын, әр бөлшегін жатқа біледі. Сондай-ақ, аймақтағы жер-су атаулары мен тарихи нысандардың шежіресіне де қанық.
– Біздің станцияның атауын «Жүзағаш» деп сонау Түрксіб дәуірінде, желі бойына жұмыс сапарында қазақтың қайраткері ұлы Тұрар Рысқұловтың өзі қойған деседі. Бұл – жас кезімде осында еңбек еткен көнекөз теміржолшылардан естіген әңгімем. Сол сала ардагерлерінің аманатын арқалап, туған жерде қызмет атқарып келемін, – деп сыр шерткен Мұратқазы Бүркітбайұлының өзі теміржолшылар әулетінен. Жалпы еңбек өтілі 400 жылдан асатын Оралбаевтарды семей өңірінің халқы жақсы біледі. Ең кереметі сол, жалғыз Мұратқазы емес, бір әкеден тараған жеті ұлдың бесеуі станция басқарыпты. Ұлттық компанияның биылғы жылды «Станция бастығы жылы» деп жариялағаны бес бірдей станция бастығы шыққан әулетке үлкен құрмет болмақ.
Жүзағаш станциясының бастығы күнделікті қызмет барысында ширақ қимылдауға дағдыланған. Оның себебі де жоқ емес. Семей ЖТ бөлімшесінің ең шеткі станциясы болғандықтан Жүзағаштың жүгі тым ауыр. Бүгінде жүк тасымалы бойынша тәулігіне 20 шақты жұп, 15 тақ пойызды Алматы бөлімшесіне өткізеді. Дегенмен бұл жұмыстың күрделілігі сол, төрт тараптан жылжымалы құрамдарды қабылдайтын Ақтоғай станциясы кейбір күндерде желі бойының босамауына байланысты пойыздарды қабылдамаса, олардың барлығы осы станцияда іркіледі екен.
– Біздің станция бойынша пойыздар көбінесе таңертеңгілік пен кешкі мезгілде қауырт өткізіледі. Мұндай жауапты сәттерде Семейдегі басшылар, бөлімше диспетчерлері бар, барлығымыз аяғымыздан тік тұрамыз. Жылжымалы құрамдар іркілмеуі тиіс, әсіресе ауыр салмақты пойыздарды кідіртуге жол берілмейді, – дейді Мұратқазы Бүркітбайұлы.
Жүзағаш станциясына қарасты телім бойының тағы бір ерекшелігі – бүкіл Семей теміржолы бойынша тек Ақтоғай мен Таңсық станциялары аралығында ғана ең жоғары жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етілген. Тальго пойызы сағатына 120 мен 140 аралығында зымырайтын болса, жүк пойыздары 90 км, ал өзге жолаушы пойыздары сағатына 100 км жылдамдықпен қозғала алады.
– Міне, мұның барлығы жүзағаштық теміржолшылар үшін жауапкершілікті еселей түседі. Сондықтан, бесінші класты станция болғанмен Жүзағаштың жүгі ауыр, – дейді станция бастығы.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Новости
02.10.2026
Студенты представили цифровые решения для КТЖ на хакатоне «KTZ – ALT INNOVATION»
Регионы
02.10.2026
Пожарный поезд привлекли для тушения условного пожара на станции Тобол
Регионы
02.10.2026
«Богатырь Көмір» и «Қазтеміртранс» готовятся к увеличению перевозок угля в Павлодарской области
Грузовые перевозки
02.10.2026
КТЖ установило рекорд по погрузке зерна в сентябре
Новости / Архив
02.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №78 от 2 октября 2026 года
Новости
01.10.2026
Систему «Smart Диагностика» от КТЖ презентовали на AI & Digital Bridge 2026
Регионы
01.10.2026
Реконструкция вокзала станции Уштобе завершена в области Жетысу
Новости
01.10.2026
Евразийский форум по безопасности и цифровизации на транспорте прошел в Алматы
Пассажирские перевозки
01.10.2026
Нацперевозчик вводит скидку 10% на ж/д билеты по всем маршрутам
Регионы
01.10.2026
Реконструкция железнодорожного вокзала завершена в Кокшетау
Новости
01.10.2026
Цифровые решения для КТЖ представят 43 команды на студенческом хакатоне в Алматы
Новости
01.10.2026
Студентов железнодорожного колледжа обучили вайбкодингу в КТЖ
Новости
01.10.2026
Казахстан, Узбекистан и ОАЭ проработают ж/д маршрут Казахстан – Узбекистан – Афганистан – Пакистан
Регионы
01.10.2026
Правила сортировки мусора разъяснили работникам ВЖДО в Павлодаре
Регионы
30.09.2026
Железнодорожный вокзал Шу открылся после реконструкции
Новости
30.09.2026
Порт Курык и Xi’an Free Trade Port обсудили сотрудничество
Регионы
30.09.2026
На линии Алтынколь – Жетыген запустили двухпутный перегон Иинтал – Алтынколь
Пассажирские перевозки
30.09.2026
Более 2,3 тысячи пассажиров совершили путешествия на туристических поездах КТЖ
Регионы
30.09.2026
Техническая библиотека станции Өскемен-1 поддержала проект «Читающая нация»
Регионы
30.09.2026
Учения по ликвидации условного разлива серной кислоты прошли на станции Орал