Жүзағаштың жүгі ауыр 

Жаңалықтар
15.05.2018, 15:56
Теміржол желісінің ел шығысы мен Алматы облысын қосар тұсында орын тепкен бесінші класты Жүзағаш станциясындағы қызмет маусымдық жағдайға байланысты қарқын ала бастады. Оның басты себебі, іргедегі, төрт бағытта жұмыс істейтін Ақтоғай станциясында пойыздарды қабылдап алу, жөнелту шаралары күрделеніп, жүк тасымалдайтын жылжымалы құрамдар қозғалысы жиілей түскен.  Жүзағаш станциясының бастығы Мұратқазы Оралбаев үшін аптаның алғашқы жұмыс күні әдеттегіден қауырт өтеді. Өйткені, бұл күн белгіленген тәртіп бойынша «Станция бастығының күні». Сондықтан да, тексеру шаралары қалыптасқан дағды бойынша таңертеңгісін бағыттама басынан басталады. Бұл ретте білікті басшы Мұратқазы Бүркітбайұлы тым талапшыл. Жанына жолшылар бригадирі мен электромеханикті ертіп алып, қадағалау шараларына қарқынмен кіріседі. Желіге тиесілі жол бойы мен СЦБ құрылғылары, бағыттамалы бұрмалар, байланыс желілері түгелдей дерлік назардан тыс қалмайды. Мұндайда, бір ғана осынау Жүзағаштағы 35 жыл бойы қалыптасқан мол тәжірибе, мұқияттылық пен табиғи байқағыштық станция бастығы үшін көмекке келеді. Осынау байырғы станциядағы  теміржолшылардың барлығы да былайғы уақыттарда әзілдері жарасқан әріптестер болғанымен қызмет барысында достық жүрмейді. Станция бастығы кінәрат жібергендерге қатал. Қолтығына қыстырған «ДУ-46» журналына табылған ақаулықтарды тіркеп жазып, оны қалпына келтіру мерзімін де белгілеп қояды. Бір бұл емес, әрине, қорытынды хаттама да толтырады. Бүгінгі тексеру барысы ешқандай ақаулық жоқ екендігін көрсетіп берді. Дәл осы станцияда туып-өсіп, ғұмыр бойы табан аудармай еңбек етіп келе жатқандықтан болар, станция бастығы мұндағы теміржолға тиесілі нысандардың барлығын, әр бөлшегін жатқа біледі. Сондай-ақ, аймақтағы жер-су атаулары мен тарихи нысандардың шежіресіне де қанық. – Біздің станцияның атауын «Жүзағаш» деп сонау Түрксіб дәуірінде, желі бойына жұмыс сапарында қазақтың қайраткері ұлы Тұрар Рысқұловтың өзі қойған деседі. Бұл – жас кезімде осында еңбек еткен көнекөз теміржолшылардан естіген әңгімем. Сол сала ардагерлерінің аманатын арқалап, туған жерде қызмет атқарып келемін, – деп сыр шерткен Мұратқазы Бүркітбайұлының өзі теміржолшылар әулетінен. Жалпы еңбек өтілі 400 жылдан асатын Оралбаевтарды семей өңірінің халқы жақсы біледі. Ең кереметі сол, жалғыз Мұратқазы емес, бір әкеден тараған жеті ұлдың бесеуі станция басқарыпты. Ұлттық компанияның биылғы жылды «Станция бастығы жылы» деп жариялағаны бес бірдей станция бастығы шыққан әулетке үлкен құрмет болмақ. Жүзағаш станциясының бастығы күнделікті қызмет барысында ширақ қимылдауға дағдыланған. Оның себебі де жоқ емес. Семей ЖТ бөлімшесінің ең шеткі станциясы болғандықтан Жүзағаштың жүгі тым ауыр. Бүгінде жүк тасымалы бойынша тәулігіне 20 шақты жұп, 15 тақ пойызды Алматы бөлімшесіне өткізеді. Дегенмен бұл жұмыстың күрделілігі сол, төрт тараптан жылжымалы құрамдарды қабылдайтын Ақтоғай станциясы кейбір күндерде желі бойының босамауына байланысты пойыздарды қабылдамаса, олардың барлығы осы станцияда іркіледі екен. – Біздің станция бойынша пойыздар көбінесе таңертеңгілік пен кешкі мезгілде қауырт өткізіледі. Мұндай жауапты сәттерде Семейдегі басшылар, бөлімше диспетчерлері бар, барлығымыз аяғымыздан тік тұрамыз. Жылжымалы құрамдар іркілмеуі тиіс, әсіресе ауыр салмақты пойыздарды кідіртуге жол берілмейді, – дейді Мұратқазы Бүркітбайұлы.    Жүзағаш станциясына қарасты телім бойының тағы бір ерекшелігі – бүкіл Семей теміржолы бойынша тек Ақтоғай мен Таңсық станциялары аралығында ғана ең жоғары жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етілген. Тальго пойызы сағатына 120 мен 140 аралығында зымырайтын болса, жүк пойыздары 90 км, ал өзге жолаушы пойыздары сағатына 100 км жылдамдықпен қозғала алады. – Міне, мұның барлығы жүзағаштық теміржолшылар үшін жауапкершілікті еселей түседі. Сондықтан, бесінші класты станция болғанмен Жүзағаштың жүгі ауыр, – дейді станция бастығы.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

 
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады