Арсен БАЙЗАҚ, Жамбыл
Луговойлықтар топ жарды
1 мин чтения
Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлері жыл бойы спорттың әр түрінен жарыстарды тұрақты түрде ұйымдастырып тұруды дәстүрге айналдырған.
Бұл жолы дода шағын футбол алаңында қызды. Ұлы Жеңістің 73 жылдығы құрметіне арналған шара саламатты өмір салтын ұстанудың жарқын жолын да үлгі етіп отыр. Дистанцияның Қаратау, Тараз, Луговой және Боранды станциясының командалары қатысқан ойынды ашқан дистанция директоры Аман Улакулов ойыншыларға сәттілік тілеп, осындай спорттық шараларда төбе көрсетіп келе жатқан теміржолшылардың қатары артып келе жатқанына ризашылығын білдірді. Ал тартысты өткен футболда тамаша ойын өрнегін көрсете білген луговойлықтар топ жарып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, қарсыластарына жиі-жиі шабуыл ұйымдастырып, жеңіс тұғырына ұмтылуда бар күшін сала білген Тараз-1 командасы екінші, Қаратау командасы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар дистанция әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтар мен кубоктарға ие болды.