Луговойлықтар топ жарды 

Жаңалықтар
18.05.2018, 12:05
Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлері жыл бойы  спорттың әр түрінен жарыстарды тұрақты түрде ұйымдастырып тұруды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы дода шағын футбол алаңында қызды. Ұлы Жеңістің 73 жылдығы құрметіне  арналған шара саламатты өмір салтын ұстанудың жарқын жолын да үлгі етіп отыр. Дистанцияның Қаратау, Тараз, Луговой және Боранды станциясының командалары қатысқан ойынды ашқан  дистанция директоры Аман Улакулов ойыншыларға сәттілік тілеп, осындай спорттық шараларда төбе көрсетіп келе жатқан теміржолшылардың қатары артып келе жатқанына ризашылығын білдірді. Ал тартысты өткен футболда тамаша ойын өрнегін көрсете білген луговойлықтар топ жарып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, қарсыластарына жиі-жиі шабуыл ұйымдастырып, жеңіс тұғырына ұмтылуда бар күшін сала білген Тараз-1 командасы екінші, Қаратау командасы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар дистанция әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтар мен кубоктарға ие болды.

Арсен БАЙЗАҚ, Жамбыл

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады