Дөңдегі дөңгеленген дүние...

Новости
25.05.2018, 12:54
Дөң станциясы Ақтөбе облысындағы өнеркәсіпті Хромтау ауданының орталығы – Хромтау қаласының іргесінде орналасқан. Мұнда күніне орта есеппен 150-200 вагон хром рудасы тиеледі. Жұмыс ауқымды. Әрі үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан мұнда бос жүрген адамды көрмейсің, әркім өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүр. Әнуар Иштаев станцияға жас та болса бас болып отыр. Бүгінде оның қарамағында 54 адам еңбек етеді, соның 9-ы биыл қаңтар айында жұмысқа қабылданған. «Дөң – екінші класты станция. Бұл жерден негізінен хром рудасы тиеледі. Және керісінше, құрылыс материалдары, жеке фирмалардың тауарлары түсіріледі. Биыл қаңтар айында қатарымыз он шақты маманмен толықты. Жұмыс көлемі ауқымды. Станцияның басында және екі қосынында 50-ден астам адам ауысыммен еңбек етеді», – дейді Дөң станциясының бастығы Әнуар Иштаев. Әнуардың жұмысы таңғы 6-30-дар шамасында басталады. Ол станцияның негізгі жүк жөнелтушісі Дөң кен байыту комбинатымен байланысқа шығып, күнделікті қанша жүк тиелетінін пысықтап алады екен. Сонымен бірге, келісім құжаттарында көзделгендей вагондарды бұрын тиелген заттардан тазартып берулері тиіс. Сол үшін штатта арнайы 9 адам қарастырылған. Олар жүк тиелетін вагондардың тазалығына жауапты. Люктерін алып, ішін мұнтаздай етіп, алдында тиелген зат қалдықтарын тазалайды. Содан соң барып жүк жөнелтушіге вагондарды береді. Басшы сөзіне қарағанда, келешекте Хромтау ауданында ірі өнеркәсіп орны ашылмақ. Сол себепті жүк тиеу көлемі де едәуір артары сөзсіз. Бүгінде келіссөздер жүргізіліп, Дөң станциясының әлеуеті пысықталып жатқан көрінеді.  Ал  жұмыс ауқымының ұлғайып, жүк айналымының артуы, сәйкесінше, жүк тасымалы көрсеткішінің  жақсаруына әкелмек.  Дөң станциясында соңғы жылдары жас мамандар қатары артып келеді екен. Аға буын өкілдері оларды еңбекке баулып, қауіпсіз жұмыс тәсілдерін үйретуде. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілген ұжымның ұйымшылдығы арқасында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі мінсіз сақталып келеді. Жас басшыға да қолдау білдіріп, аға буын өкілдері ағалық қамқорлық танытуда. Түрлі қызмет сатыларынан өткен Әнуар жаңа қызметінде де талап үдесінен табылуда. Жалпы Әнуар Иштаев теміржолшы отбасында дүниеге келген. Әкесі Шалқар станциясында теміржолшы болып, анасы ұзақ жылдар бойы теміржол профилакториінде қызмет еткен. 2005-2009 жылдар аралығы Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде оқыған Әнуар еңбек жолын Шалқарда электрмен жабдықтау дистанциясында монтер болып бастапты. Қандыағашта пойыздар қозғалысын реттеуші де болған. 119-шы блок пен Жұрын станциясында станция кезекшісі қызметін де атқарған. Ақтөбеде пойыз диспетчері қызметін атқарып жүргенде, жігерлі, өз ісіне ұқыпты әрі жауапкершілігі жоғары жас жігітті бөлімше басшылығы өткен жылдың қыркүйек айында Дөң станциясына басшы етіп тағайындапты.

Асқар Ақтілеу

Грузовые перевозки
21.09.2026
Зерновой штаб КТЖ обсудил вывоз нового урожая в Костанае и Кокшетау
Регионы
21.09.2026
Профком Карагандинского эксплуатационного локомотивного депо провел встречу со студентами
Новости
21.09.2026
Казахстанские железнодорожники приняли участие в Международном фестивале молодежи-2026 в Екатеринбурге
Новости
21.09.2026
Машинист заметил четырехлетнего ребенка одного в степи
Регионы
21.09.2026
Пожарный поезд КТЖ задействовали при тушении крупного пожара в Костанае
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы