Дөңдегі дөңгеленген дүние...
Жаңалықтар
25.05.2018, 12:54
Дөң станциясы Ақтөбе облысындағы өнеркәсіпті Хромтау ауданының орталығы – Хромтау қаласының іргесінде орналасқан. Мұнда күніне орта есеппен 150-200 вагон хром рудасы тиеледі. Жұмыс ауқымды. Әрі үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан мұнда бос жүрген адамды көрмейсің, әркім өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүр.
Әнуар Иштаев станцияға жас та болса бас болып отыр. Бүгінде оның қарамағында 54 адам еңбек етеді, соның 9-ы биыл қаңтар айында жұмысқа қабылданған.
«Дөң – екінші класты станция. Бұл жерден негізінен хром рудасы тиеледі. Және керісінше, құрылыс материалдары, жеке фирмалардың тауарлары түсіріледі. Биыл қаңтар айында қатарымыз он шақты маманмен толықты. Жұмыс көлемі ауқымды. Станцияның басында және екі қосынында 50-ден астам адам ауысыммен еңбек етеді», – дейді Дөң станциясының бастығы Әнуар Иштаев.
Әнуардың жұмысы таңғы 6-30-дар шамасында басталады. Ол станцияның негізгі жүк жөнелтушісі Дөң кен байыту комбинатымен байланысқа шығып, күнделікті қанша жүк тиелетінін пысықтап алады екен. Сонымен бірге, келісім құжаттарында көзделгендей вагондарды бұрын тиелген заттардан тазартып берулері тиіс. Сол үшін штатта арнайы 9 адам қарастырылған. Олар жүк тиелетін вагондардың тазалығына жауапты. Люктерін алып, ішін мұнтаздай етіп, алдында тиелген зат қалдықтарын тазалайды. Содан соң барып жүк жөнелтушіге вагондарды береді.
Басшы сөзіне қарағанда, келешекте Хромтау ауданында ірі өнеркәсіп орны ашылмақ. Сол себепті жүк тиеу көлемі де едәуір артары сөзсіз. Бүгінде келіссөздер жүргізіліп, Дөң станциясының әлеуеті пысықталып жатқан көрінеді. Ал жұмыс ауқымының ұлғайып, жүк айналымының артуы, сәйкесінше, жүк тасымалы көрсеткішінің жақсаруына әкелмек. Дөң станциясында соңғы жылдары жас мамандар қатары артып келеді екен. Аға буын өкілдері оларды еңбекке баулып, қауіпсіз жұмыс тәсілдерін үйретуде. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілген ұжымның ұйымшылдығы арқасында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі мінсіз сақталып келеді. Жас басшыға да қолдау білдіріп, аға буын өкілдері ағалық қамқорлық танытуда. Түрлі қызмет сатыларынан өткен Әнуар жаңа қызметінде де талап үдесінен табылуда. Жалпы Әнуар Иштаев теміржолшы отбасында дүниеге келген. Әкесі Шалқар станциясында теміржолшы болып, анасы ұзақ жылдар бойы теміржол профилакториінде қызмет еткен. 2005-2009 жылдар аралығы Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде оқыған Әнуар еңбек жолын Шалқарда электрмен жабдықтау дистанциясында монтер болып бастапты. Қандыағашта пойыздар қозғалысын реттеуші де болған. 119-шы блок пен Жұрын станциясында станция кезекшісі қызметін де атқарған. Ақтөбеде пойыз диспетчері қызметін атқарып жүргенде, жігерлі, өз ісіне ұқыпты әрі жауапкершілігі жоғары жас жігітті бөлімше басшылығы өткен жылдың қыркүйек айында Дөң станциясына басшы етіп тағайындапты.
Асқар Ақтілеу
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл