Динар МЕЙІРМАН, Қорғасын
Тежегіш қоюдың да тәртібі бар
1 мин чтения
Мамырдың 15-і мен маусымның 15-і аралығында вагондардың қауіпсіздігі үшін тежегішті дұрыс қою тәртібі бойынша айлық жарияланған.
Әдетте дөңестен сұрыпталған вагондардың жылдамдығы тек үлкен бекеттерде реттеледі. Ал Қорғасын сияқты шағын бекетте уақытша тоқтап тұрған вагонның қозғалып кетпеуі үшін, пойыз құрастырушы башмак қойып, оны қадағалап тұрады.
Станция бастығы Серғазы Сайрамбаевтың айтуынша, ел теміржолы бойынша вагондарға тежегіштің берік қойылмауынан құлап, бір-біріне соқтығысқан жағдайлар жиі орын алған. Сол себептен, вагондарға тежегіш қоюдың өзіндік тәртібін күшейтетін айлық жарияланған. Күнделікті атқарылатын жұмыс болса да, бір ай кезінде пойыз құрастырушыларды бұрынғыдан да ыждаһатты болуға үйретеді. Өйткені пойыз құрастырушы башмакты қойғанда вагон жылжып кетпейтіндей етіп, болмаса ешкім жұлып ала алмайтындай толық орналастыру қажет. Тәулік сайын 10-20 шақты вагон келеді. Пойыз құрастырушы әр вагонға қанша тежегіш қойылатынын есептеуі тиіс. Вагонға табан тежегішін қою немқұрайлы қарайтын жұмыс емес, пойыз құрастырушының вагондарды реттеуінің өзін станция кезекшісі қадағалайды. Айлық барысында бір кемшілік кетсе, соны басқалары болдырмау үшін теміржолшыларға сабақ өткізіледі. Екінші рет қателік жіберсе, сөгіс жарияланады.