Қызметтік күйзеліспен күресуде
Новости
12.08.2016, 16:54
Қызметкерлердің денсаулығын сақтау – темір жолда бірінші кезекте тұрған мәселе. Соңғы жылдары ұлттық компанияға қарасты мекемелердің күнделікті жұмыс тәртібіне бұл бағытта елеулі жаңашылдықтар да ене бастады.
Осындай ілкімді шаралар «Вокзал-сервис» АҚ филиалдарында да орын алуда.
Атап айтқанда, Аягөз вокзалының қызметкерлері арасында күйзеліске және стресске жол бермеу мақсатында спорттық һәм сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру күн тәртібіне енгізіліпті. Әлия Балабекова жетекшілік ететін аягөздік ұжым шағын болғанымен атқаратын істері қомақты. Оның үстіне теміржолшылар еңбегі қызметтік стресске толы болғандықтан да көңіл күйдің орнықтылығына және спорттық жаттығуларды орындауға ерекше мән беріледі. Қазіргі таңда Аягөз вокзалында 16 адам еңбек етуде. Жолаушыларға көрсетілетін сервистік қызметтің артуымен қатар, қызметкерлердің әлеуметтік һәм моральдық тұрғыдағы ахуалының жақсаруы бағытында ұжым мүшелері жұмыс барысында гимнастикалық жаттығулар жасап, тынығуды да ұмытпайды. Бұл мекемедегі еңбек қауіпсіздігін сақтаудың басты талаптарының бірі. Сонымен қатар, жоспарлы жұмыстар аясында теміржолшылардың табиғат аясына демалуға шығып, мәдени мекемелерге экскурсия жасауы да енгізілген. Ал мұның сыртында спорттық шаралар мен сайыстар да бар.
– Әрбір теміржолшы еңбектерінің өнімді болуын қалайтын болса, демалысын да дұрыс ұйымдастыра білуі тиіс. Ауысыммен жұмыс істейтіндіктен әрі стресстік жағдайларға жиі жолығатындықтан біздің қызмет психикаға түсетін жүктемеден арылып тұруды талап етеді. Сол себептен де, күнтізбелік жоспарға сай қызметкерлерімізді тынықтырып, демалдырып тұруға ерекше мән береміз, – дейді вокзал басшысының міндетін атқарушы Жанар Көкебаева.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Спорт
19.09.2026
Около 700 человек приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»
Новости
19.09.2026
Более 320 столичных железнодорожников приняли участие в субботнике
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Международный туристический поезд прибыл из Сианя в Алматы
Пассажирские перевозки
19.09.2026
Нацперевозчик объявил об осенних скидках до 30% на ж/д билеты
Регионы
18.09.2026
Реконструкция трех железнодорожных вокзалов завершена в Кызылординской области
Грузовые перевозки
18.09.2026
Акмолинский филиал АО «Қазтеміртранс» готов к перевозке зерна в период уборочной кампании
Новости
18.09.2026
Горочную централизацию модернизируют на станции Караганда-Сортировочная
Новости
18.09.2026
КТЖ продолжает реализацию масштабной программы по обновлению вокзалов
Регионы
18.09.2026
Акмолинские железнодорожники провели профилактическую кампанию по безопасности движения
Новости
18.09.2026
Казахстанская делегация приняла участие в форуме «Бакту – 2026» в Китае
Регионы
18.09.2026
Количество нарушений безопасности движения на ж/д транспорте снизилось в Алматинском регионе
Новости / Архив
18.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №74 от 18 сентября 2026 года
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути